Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөздері сіз таңдаған, елдің болашағы үшін қажетті және маңызды мамандықтың әрбір өкіліне арналған: «Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы ең алдымен сізден білеміз. Қоғамдық пікірді, қоғамның адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы сіздердің еңбегіңіз өте зор. Ақпараттың ашықтығы, жылдамдығы мен қолжетімділігі журналистердің сәтті жұмысының белгісі болды».
Сіз өзіңіздің журналистикаға деген адалдығыңызды, жанқиярлығыңызды, батылдығыңызды коронавируспен күресте алдыңғы қатарда тұрып, қаңтар айындағы оқиғалар кезінде бәрімізді объективті ақпаратпен қамтамасыз ете отырып дәлелдедіңіз.
Бүгін мен Ақмола бұқаралық ақпарат құралдарының өңірдің өмірі мен қызметінің барлық салаларында – саясат пен экономикада, әлеуметтік сала мен қоғамдық процестерде ерекше рөлін атап өткім келеді. Сала ардагерлеріне, өмірін журналистикаға арнағандарға ерекше алғысымды білдіргім келеді.
Құрметті журналистер, баспагерлер, полиграфистер, теледидар мен радио қызметкерлері! Кәсіби мерекеде Сіздерге зор денсаулық, жағымды ақпараттық жағдайлар, жарқын оқиғалар мен шығармашылық табыстар тілеймін. Сіздерге және отбасыларыңызға амандық пен жақсылық болсын!
***
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Ақпарат саласы қоғамдық пікірді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Өз халқыңыздың үні бола отырып, сіздер адамдардың мүдделерін жанқиярлықпен қорғайсыздар, үміттері мен ұмтылыстарын бейнелейсіздер, жасампаздық пен ізгіліктің жаршысы боласыздар. Медиа кеңістікте жұмыс істейтіндердің барлығын мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір деп айтуға болады.
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің еңбегі өте күрделі және жауапты, өйткені сіздердің қолдарыңызда жер бетіндегі ең қуатты қарулардың бірі – сөз.
Ақпараттың шынайылығы мен объективтілігі, адалдық пен нақтылық, тиімділік пен бейтараптық, үнемі қайнаған оқиғалар арасында болуға деген ұмтылыс, адамдарға көмектесуге дайын болу – журналистердің қоғамымыздың дамуына көмектесетін дәл осы керемет қасиеттері. Өз жарияланымдарыңызда, телесюжеттеріңізде сіздер күн сайын облысымыздың ең жарқын, маңызды беттерін жариялай отырып, оның шынайы тарихи беттерін жазасыздар.
Кәсіби мереке күні сіздерге жемісті ынтымақтастық, облыстың барлық депутаттар корпусының жұмысын объективті жариялағандарыңыз үшін алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, лайықты еңбекақы, шығармашылық шабыт және зор табыс тілеймін! Сіздерде көптеген қызықты олжалы және жағымды ақпарат легі толастамасын! Мерекелеріңізбен!
Талғат Жүнісов,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.