– ҚР Премьер-Министр Әлихан Смайылов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін — бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Сондықтан, құрметті журналистер, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Өзара үйлесімді жұмыс пен жоғары азаматтық жауапкершілік үшін алғыс айтамыз.
Біздің бірлескен күш-жігеріміз Үкіметтің жұмысын бұдан да ашық әрі тиімді етуге мүмкіндік береді деп сенеміз. Баршаңызға тың идеялар мен шығармашылық табыстар тілейміз. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын!», — деді Әлихан Смайылов бүгін Үкімет отырысында.