Смайылов БАҚ  өкілдеріне: Бірлескен күш-жігеріміз Үкімет жұмысын тиімді етеді

– ҚР Премьер-Министр Әлихан Смайылов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Сондықтан, құрметті журналистер, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Өзара үйлесімді жұмыс пен жоғары азаматтық жауапкершілік үшін алғыс айтамыз.

Біздің бірлескен күш-жігеріміз Үкіметтің жұмысын бұдан да ашық әрі тиімді етуге мүмкіндік береді деп сенеміз. Баршаңызға тың идеялар мен шығармашылық табыстар тілейміз. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын!», – деді Әлихан Смайылов бүгін Үкімет отырысында.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар