Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде тоғызқұмалақ спорты бойынша IІ Азия Кубогының салтанаты ашылу рәсімі өтті.
Тоғызқұмалақ спорты бойынша IІ Азия Кубогіне Ауғанстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Түркия, Түркменстан, Өзбекстан елдерінен келген командалар, сондай-ақ еліміздің құрама командасы қатысады. Бұл додаға Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бекіткен төрешілер төрелік ететін болады.
Сайыстың салтанатты ашылу рәсіміне Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының Президенті Әлихан Мұхамедияұлы Бәйменов, Ақмола облысының әкімдігі, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің басшылығы қатысты.
–Тоғызқұмалақ ойынының төрт мың жылдық тарихы бар. Тоғызқұмалақты кешегі хандар мен қағандар, қара мен қойшылар да ойнаған. Тоғызқұмалақ бұл еркінде, ішің пысқанда ойнайтын ойын емес, бұл стратегиялық ойын. Ойлау қабілеті мен қатар жоспарлау қабілетін қалыптастыратын керемет ойын түрі. Тоғызқұмалақ ойнап өскен бала жаман болмайды. Бұл сайыста жеңілген болмайды. Қатысқаныңның өзі — жеңгенің. Көне ойынды — көне демей, спорт деп қабылдап, түсініп, шұғылданып жүргендеріңе мың алғыс. Барлығыңа сәттілік серік болсын, — деді Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының Президенті Әлихан Мұхамедияұлы Бәйменов.
Тоғызқұмалақ спорты бойынша IІ Азия Кубогі маусым айының 23-30 аралығында өтететін болады!
Абылайхан ӘШІМХАН.