2022 жылдың мамыр айындағы Ақмола облысының Инфляция және қаржы нарығындағы ахуалы туралы

Инфляция, базалық мөлшерлеме және алтын валюта резервтері.
Ақмола облысы Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2022 жылғы мамырда облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2021 жылғы желтоқсан айына қарағанда 108,2% құрады, 2021 жылдың осы кезеңінде – 103,4%, республикалық мағынада тиісінше 108,8% және 103,5% құрады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,8%-ға, азық-түлік тауарлары – 12,5%-ға, ақылы қызмет көрсету тарифтері 4,6%-ға қымбаттады.
2022 жылғы 26 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме 14,0% құрайды.

Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда өзгермей, 86,6 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері – 32,8 млрд. АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері – 53,8 млрд. АҚШ долларын құрады.

Облыстың қаржы нарығындағы ахуал.
2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттары бар екінші деңгейдегі банктердің 14 филиалы және «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалы бар.

Валюта нарығы. 2022 жылдың мамыр айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 430,71 теңгені, еуроға – 455,35 теңгені, ресей рубліне – 6,82 теңгені құрады.

2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Ақмола облысында 60 айырбастау пункті, оның ішінде: 49 – банк филиалдарының, 4 – «Казпошта» АҚ-ның және 7 уәкілетті ұйымның 7 айырбастау пункті жұмыс істейді.
2022 жылғы мамырда облыстағы айырбастау пункттері 9,1 миллион АҚШ долларын, 2,2 миллион еуро және 393,3 миллион ресей рублін сатты. 2021 жылғы мамыр айында – 6,1 миллион АҚШ доллары, 0,6 миллион еуро және 370,3 миллион ресей рублі сатылды.

Депозит нарығы. 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 274,1 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 29,9%-ға ұлғайды, өткен аймен салыстырғанда 6,9%-ға өсті.

Депозиттердің жалпы көлеміндегі теңгемен салынған депозиттердің үлесі 86,4%-ды құрайды.
Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 9,6%, шетел валютасы бойынша – 0,8% болып қалыптасты.
Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 373,6 мың теңгені құрады.

Кредит нарығы. 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 340,9 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 27,5%-ға, өткен аймен салыстырғанда 5,1%-ға өсті (2022 жылғы 1 мамырға – 324,5 млрд. теңге).
2022 жылғы мамырда облыс банктерімен берілген кредит сомасы 2022 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 8,4% азайып, 28,3 млрд. теңгені құрады.

2022 жылғы мамыр айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 15,9%-ды құрады.
2022 жылғы мамырда теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 89,9% болды.
Тұтынушылық кредиттер. Банктердің тұтынушылық кредиттері бойынша облыс халқының берешегі 122,8 млрд. теңгені құрады. 2022 жылғы мамыр айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің мөлшері 2021 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 10,7%-ға өсіп, 11 966,9 миллион теңгені құрады.

Ипотекалық кредиттер. Банктердің ипотекалық кредиттері бойынша облыс халқының берешек сомасы 104,6 млрд. теңгені құрады. 2022 жылғы мамыр айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 4 628,5 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 21,1% немесе 1234,8 миллион теңгеге азайды.

Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2022 жылғы 1 маусымға 56,3 млрд. теңгені құрады. 2022 жылғы мамыр айында 5 117,7 миллион теңге мөлшерінде кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 32,1%-ға өсті (2022 жылғы сәуірде – 7 534,5 миллион теңге берілді). 2022 жылғы мамырда орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 18,1% құрады.

Төлем карточкалар нарығы.
Облыс бойынша айналымдағы төлем карталарының саны 2022 жылғы 1 маусымға 1 332 мың бірлікті құрады (алдынғы аймен салыстырғанда 0,3%-ға азайды), бұл республикалық көлемнің 2,3% құрайды.

2022 жылғы мамыр айында төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялар көлемі 145 921,0 миллион теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 5,5%-ға өсті). Транзакциялар саны 10 496,6 мың транзакцияны құрап 13,2%-ға өсті. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 14,1% өсіп, 9 715,8 мың транзакцияны құрады, сомасы 9,2%-ға өсті (мөлшері 98 362,4 миллион теңгені құрады). Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 2,4%-ға дейін өсті (транзакциялар саны 780,8 транзакцияны құрады), сомасы 1,4%-ға азайды (мөлшері 47 558,6 мың теңгені құрады).

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы өңір бойынша мына түрде ұсынылған: 17 518 POS-терминал, 422 банкомат, 10 149 кәсіпкер; 15 020 сауда нүктелері.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар