“Мұғалім-2022” XX облыстық спартакиадасында Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжі жеңімпаз атанды

«Мұғалім – 2022» XX облыстық спартакиадасының жеңімпаздары марапатталды.

Облыстық спартакиадаға Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 300-ден астам қызметкерінен құралған 19 команда қатысты.

Салтанатты рәсімде Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов барлық қатысушыларды құттықтап, жеңімпаздарды марапаттады.

Спартакиада ойындарының келесі түрлері бойынша төмендегі жеңімпаздар анықталды:

Үш сайыс түрі бойынша:
1 орын Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжі;
2 орын Щучинск қаласының орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі;
3 орын Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжі.

Шахмат спорт түрі бойынша:
1 орын Көкшетау қаласының құрылыс-технологиялық колледжі;
2 орын Қатаркөл ауыл шаруашылық колледжі;
3 орын Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжі.

Үстел теннисі спорт түрі бойынша:
1 орын Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжі;
2 орын Көкшетау қаласының құрылыс-технологиялық колледжі;
3 орын Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжі.

Тоғызқұмалақ спорт түрі бойынша:
1 орын Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжі;
2 орын Жоғары техникалық колледжі, Көкшетау қ.;
3 орын Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі.

Қалашық спорт түрі бойынша:
1 орын Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжі;
2 орын Чаглинка жоғары агротехникалық колледжі;
3 орын Көкшетау қаласының құрылыс – Технологиялық колледжі.

Асық спорт түрі бойынша:
1 орын Чаглинка жоғары агротехникалық колледжі;
2 орын Жоғары техникалық колледжі, Көкшетау қ.;
3 орын Қатаркөл а. ауылшаруашылық колледжі.

Волейбол спорт түрі бойынша:
1 орын Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі;
2 орын Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжі;
3 орын Қорғалжын а. агротехникалық колледжі.

Спартакиада қорытындысы бойынша командалық есепте 1-орынды Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжі жеңіп алды, 2-орынға Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі ие болды, 3 орынды Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжі иеленді.

“Балалар жылы” аясында спартакиадаға қатысқан ата-аналарын қолдау үшін келген балалар “Жас жанкүйер” номинациясы бойынша марапатталды. Олардың ішінде Иманкулова Нурай, Жарылгасанов Алишер, Тимофеев Егор, Энграф Дарья, Аскербаев Олжас, Кадырбай Айару, Алмаз Эльнара, Нурмагамбет Муслим бар.

Сонымен қатар Астраханка а. агротехникалық колледжі командасы “Үздік киім үлгісі үшін”, Шағалалы а. жоғары агротехникалық колледжі командасы “Жеңіске деген жігері үшін” номинациялары бойынша марапатқа ие болды.

Командалар кубокпен және сыйлықтармен, спартакиаданың үздік қатысушылары облыстық кәсіподақтың грамоталарымен марапатталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар