Ақмола облысында алимент төлеуден қашып жүрген 16 адамның мекенжайы анықталды

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері алимент төлемейтіндер мен борышкерлерді іздестіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп келеді.

Ағымдағы жылдың 4 маусымында Аршалы АПБ полиция бөліміне Қарағанды облысының тумасынан өтініш түсті. Азаматша бұрынғы жұбайы, Ақмола облысының тұрғыны 2013 жылдан бастап алимент төлемейтінін хабарлады. Төлем бойынша берешек 2 млн 347 мың теңгені құрады.

Аталған факті бойынша полиция бөлімі ҚР ҚК 139-бабының 1-бөлігі «Балаларын күтіп-бағуға қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бері ақмолалық полиция қызметкерлері алимент төлемеген 16 адамның және іздеуде жүрген 13 мемлекеттік борышкердің орналасқан жерін анықтады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар