Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмолада археологиялық зерттеу кезінде сармат дәуірінің «құрбандық тасы» табылды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмолада археологиялық зерттеу кезінде сармат дәуірінің «құрбандық тасы» табылды

– Ақмола облысының аумағынан сармат дәуіріне тиесілі құрбан шалуға арналған тас табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық музейіне сілтеме жасап.

Ұлттық музейдің Facebook парақшасында жазылғандай, Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен аталған өңірде рухани құндылықтарды зерттеуге арналған жоба іске асып жатыр.

«Жоба аясында Жарқайың ауданының Шойындыкөл ауылы маңынан б.з.д II-III ғ. жататын «құрбандық тасы» табылды. Құрбандық тасы дөңгелек пішінді, жоғарғы жағы жалпақтау, ал қырына қошқар мүйізі өрнектеліп салынған.

Оны көшпелілердің діни ғұрыптарының бірі – «тазалау» жоралғысын орындауға қолданған зат деген жорамал бар», — деп жазылған ұлттық музейдің желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, хабарламада Құрбан айт қарсаңында табылған жәдігердің құнды әрі маңызды екені айтылған. Еске салсак, бұған дейін Ақмола облысында кейінгі қола дәуірінің жәдігерлері – әшекей бұйымдар мен қыш ыдыстардың қалдықтары табылғанын хабарлаған едік.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар