Ақмолалық бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайтын колледжде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Щучье жоғары техникалық колледжі өңір үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жетекші оқу орындарының бірі. Колледжде төрт оқу ғимараты және екі студенттік жатақхана бар. Мұнда 16 мамандық бойынша 1000-нан астам студент білім алуда.

Бас ғимарат 1956 жылы пайдалануға берілді. Осы уақыт ішінде бұл ғимаратта күрделі жөндеу бір рет жүргізілді. Сонымен қатар, колледж директоры Шоқан Оразалин атап өткендей, “Жұмыспен қамту жол картасы” мемлекеттік бағдарламасы бойынша басқа оқу ғимараттары мен екі жатақханада ішінара жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы бас ғимараттың ішкі бөлмелеріне күрделі жөндеу жүргізілуде. Сметалық құжаттамаға сәйкес жөндеу барысында жылыту, су құбыры, кәріз, желдету жүйелері ауыстырылады. Сондай-ақ, электр жабдықтары, өрт дабылы жаңартылады.

Жөндеу жұмыстары мамыр айының соңында басталды. Оған 30-дан астам жұмысшы тартылған. Бүгінгі таңда жұмыстар толық қарқынмен жүргізілуде, мамандардың айтуынша 60% орындалған. Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылының басталуына дейін аяқталады.

“Қазірдің өзінде жылыту мен әрлеу жұмыстары 100 пайызға аяқталды. Қазір құрылысшылар су құбырымен айналысуда”, – деді учаске бастығы Қуандық Еламанов.

Айта кету керек, ағымдағы жылы облыстық бюджет қаражатынан және “Ауыл – Ел Бесігі” арнайы жобасы аясында облыстың 70-ке жуық білім беру ұйымдарында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар