Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыл шаруашылығындағы жемқорлық елдің азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді - Жақиялин - АРҚА АЖАРЫ

Ауыл шаруашылығындағы жемқорлық елдің азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді — Жақиялин

Ақмола облысының Антикоррупциялық қызметі өткен жылы агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген кешенді талдаудың қорытындысы бойынша бірқатар жүйелі кемшіліктерді анықтады.

Талдау көрсеткендей, бұл саладағы негізгі проблемалық мәселелер — нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі, цифрландырудың және процестерді автоматтандырудың әлсіздігі.

Сондай-ақ, тәуекелдерді сыртқы талдау нәтижелері бойынша фермерлердің субсидиялар алу түрлері мен тәсілдері туралы хабардар болуының төмен деңгейі туралы белгілі болды.

«Ауыл шаруашылығы ел экономикасының стратегиялық саласы, ал Ақмола облысы ірі аграрлық өңір болып табылады. Тек соңғы 5 жылда облыста субсидияларға 189 млрд теңге бөлінді. Алайда, мақсатты пайдалануға тиісті бақылаудың болмауы және сыбайлас жемқорлық барлық мемлекеттік қолдауды жояды, осылайша елдің азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді», — деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 30 маусымында аса ірі көлемде пара алғаны үшін облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясының лауазымды тұлғалары кәсіпкерлерден пара алғаны үшін айыппұлға сотталды.

Қазіргі уақытта өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сотқа ауыл шаруашылығы саласының лауазымды тұлғасына қатысты басқа қылмыстық істі тергеуді аяқтап, сотқа жолдады.

Талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін Департамент тиісті ұсынымдар енгізді, оның ішінде НҚА өзгерту және ақпараттық жүйелерді пысықтау бойынша ұсынымдар.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың маусым айында облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство АШБ, өңірлік Кәсіпкерлер палатасы және жұртшылықпен бірлесіп Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін кешенді талдау нәтижелері мен субсидиялар алу тәртібі туралы хабардар ету бойынша көшпелі кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында қатысушылар пікір және ұсыныстармен алмасты, сондай-ақ АӨК субсидиялау саласындағы проблемалық мәселелерді зерттеу бойынша сауалнамаға қатысты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар