Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Киікте кінә бар ма? - АРҚА АЖАРЫ

Киікте кінә бар ма?

Егін баптаған дихандар  «Киік қаптап, егінімізді таптап жатыр» деп дабыл қаққанымен бұл мәселенің әлі бүгін-ертең шешіле қояр түрі жоқ. Бұған дейінгі бір мақаламызда аудандардың дала аңын дүркіретіп, бірін-бірі қуып егістік алқаптарын қорғап жүргенін жазғанбыз. «Егінімізді күтіп-баптаудың орнына ала таңнан кешке дейінгі уақытымыз киік қуумен өтеді» деп налыған-ды, олар. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру негізгі бағыты болып саналатын еліміздегі бұл мәселені биліктің барлық сатысы біледі. Талай мәрте басқосу, талқылау өтті. Ғылыми-биологиялық зерттеулер жүргізілді. Зоология институты өз негіздемесін ұсынды.

Бірақ, бұл жиындардың бәрі шұғыл шешім шығара қойған жоқ. Ғаламтордағы мәліметтерге сүйенсек, қазір еліміздің  территориясында 1,3 миллиондай киік бар екен. Бұл – өте көп. Ал, оны 15-ші қыркүйектен 30 қарашаға дейін реттеу мүмкін, деген пікір айтылған. Сол уақыт оңтайлы мерзім саналған. Шамасы, лақтардың әбден жетіліп, жалпы дала жүйрігінің семіретін шағы. 80 мың киік атылатын болса, оның ішінде қанша еркегі, қанша аналығы атылатыны ескерілетін, есептелетін болса керек.

Сөйтіп, киік егіліп қойған егінге килікпейтін болмақ. Саны азаймақ. Айтпақшы, атылып алынған соншама киіктің еті, мүйізі, сирағы қайда жіберілмек? Ол да бір ойланатын шаруа көрінеді…

Шаруаның өтінішіне орай шұғыл шешілмей отырған маңызды мәселе, тіпті, одан әрі ушықпаса неғылсын? Өйткені, енді «Киік біздің жерімізге кіріп кетіп жатыр ма, әлде, біз киіктің жеріне кіріп кеттік пе?» деген де сұрақ туындауда. Өйткені, егістік алқапты ұлғайтамыз деп, киіктің өрісін тарылтып отырғанымыз шын. Сосын, ол киік қайда барсын? Бәлкім, бәрін болмаса да олардың біраз жерін қайтарып берген де жөн шығар…

Әзірге киік өсімі, табиғи өлімі, жайылатын, ауа көшетін жолдары түгел зерттелуде. Мәселенің түйіні кешеуілдеп болса да шешілер. Сөйтіп, шаруаны әуре-сарсаңға салған даудың шетіне бір шығармыз.

Серік САПАРҰЛЫ,

                              «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар