Ақмола облысында үш ауысымды және апатты мектептерді жою мәселесі қалай шешілуде

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде үш ауысымды және апатты мектептерді жою бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар “Білімді ұлт” сапалы білім беру” ұлттық жобасын орындау барысында жүзеге асырылуда.

Өңірде 2021 жылдың басында үш ауысымда оқытатын 7 мектеп жұмыс істеді. Оның ішінде Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-гимназиясы, №4 орта мектеп, Жібек жолы ауылындағы Новоалександров орта мектебі, Аршалы ауданының Жалтыркөл ауылындағы Мартынов негізгі мектебі, Қосшы қаласындағы №2 орта мектеп, Целиноград ауданындағы Шұбар негізгі мектебі, Раздольный аулындағы негізгі мектеп бар.

2021 жылы үш ауысымдылық мәселесі 3 мектеп бойынша шешілді, Целиноград ауданы Раздольное ауылында 80 орындық мектеп, Көкшетау қаласында №1 орта мектеп гимназиясына 600 орындық және №4 орта мектепке 360 орындық қосымша оқу корпустары салынды.
2021-2022 оқу жылының басына мектеп оқушылары санының өсуіне байланысты облыстың басқа 3 мектебі -Көкшетау қаласының №17 мектеп-гимназиясы, Целиноград ауданы Қосшы қаласының №1 ОМ, Қаражар ауылының мектебін үш ауысымды оқытуға көшті.

Осылайша, үш ауысымда оқытатын мектептер саны 7 мектепті – Көкшетау Қ. №17 мектеп-гимназиясын, Жібек жолы А. Новоалександровка ОМ, Аршалы ауданы Жалтыркөл а. Мартынов ОМ, Қосшы қ. №1 және №2 ОМ, Целиноград ауданы Қаражар А. мектеп, Шұбар А. ОМ құрайды.

Ағымдағы жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен 6752 орындық 15 мектептің құрылысы жалғасуда. Оның ішінде: Өтеміс ауылында 120 орынға, жаңа жол ауылында 80 орынға, Целиноград ауданының Шұбар ауылында 300 орынға; Аршалы ауданының Жібек жолы және Жалтыркөл ауылында 300 орынға, Біржан сал ауданының Бұланды ауылында 80 орынға, Сандықтау ауданының Петровка ауылында 80 орынға, Аршалы ауданының Жалтыркөл ауылында 80 орынға Көкшетау қаласында 392 орын, Степногорск қаласының Бестөбе кентінде 300 орын, Қосшы қаласында 1200 орын, Көкшетау қаласында 1200 орын, Ақкөл қаласындағы №4 орта мектепке, Көкшетау қаласының №4 арнайы мектеп – интернатына қосымша құрылыс бар.

Салынып жатқан мектептердің негізгі үлесі Елорда маңындағы аймақта орналасқан және үш ауысымды оқыту мәселелерін шешеді.
Апаттылықты жою үшін 2021 жылы облыстық бюджет қаражатынан Біржан сал ауданының Бұланды ауылында 80 орындық мектептің құрылысы басталды, оны 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Жарқайың ауданының Фурманов мектебінің апаттылығын жою үшін ағымдағы жылы 80 орындық мектептің жобасын байланыстыру жоспарлануда.
Осылайша, облыс мектептерінде үш ауысымды оқыту және апаттылық мәселесін 2024 жылдың соңына дейін шешу жоспарланып отыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар