Азаматтардың еңбек құқықтары қорғалды

Ақмола облысының прокуратурасымен тұрақты негізде еңбек заңнамасын сақтау мәселесі бойынша талдау жүргізілуде. Талдау барысында жалақы төлемеу фактілері анықталды. Мәселен, Атбасар ауданының Есенгелді ауылында өткізілген «Ашық есік күні» акциясы аясында «Tlekei-Agro» ЖШС-інде жалақы бойынша ағымдағы берешек анықталды.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында прокуратура облыстың еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының атына заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізді. Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша 8,2 миллион теңге мөлшеріндегі жалақы бойынша берешек толық көлемде өтеледі.

Тұтастай алғанда қабылданған шаралар арқылы прокуратура 4642 азаматтың құқығын қорғады.

Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар