Ел қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету – басты

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Ермек Сағымбаевң Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің құрылғанына 30 жыл толуына орай, Көкшетау қаласындағы «Bolashaq» сарайында өткен салтанатты шараға қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзі, өз өмірін елдің егемендігі мен игілігіне ішкі және сыртқы қауіп-қатерлермен күреске арнап жүрген әрбір офицерге, қызметкерге арнады.

Қазіргі заманғы халықаралық күрделі жағдайларға байланысты мұндай қауіптер арта түсуде, әлемдік тәртіпті тұрақсыздандыру әрекеттері бұдан да күрделірек.  – Геосаяси тұрақсыздық, жаңа сын-қатерлер жағдайында біз өзіміздің ұлттық мүдделерімізді қорғауға, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға дайын болуға тиіспіз. Сондықтан, қорғаныс әлеуетін нығайту біздің аса маңызды басымдығымыздың бірі. Бұл міндетті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев күш құрылымдарының алдына қойып отыр.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Ермек Маржықпаев департамент қызметкерлеріне ақмолалықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектескені үшін зор алғысын білдірді.

– Сіздердің қызметтеріңіз адалдықты ғана емес, сонымен қатар жоғары зияткерлік қасиеттерді де талап етеді. Қаңтардың мазасыз күндерінде Сіздер мен Ішкі істер органдары және атқарушы билік органдарының қызметкерлерімен иық тіресе біздің бейбіт өмірімізге қауіп төндірген жағдайларға, жаппай тәртіпсіздіктерге жол бермедіңіздер, – деді ол құттықтау сөзінде.

Ермек Боранбайұлы өз сөзінде департамент қызметкерлері өздерінің күрделі және маңызды кәсіби міндеттерімен бірге, жас ақмолалықтардың патриоттық және азаматтық тәрбиесіне де зор үлес қосып жатқандығын ерекше атап өтті. Оған дәлел Ақмола облысы Қазақстанда алғашқы болып  «Дарын» спорттық-дамыту орталығының жауынгерлік жекпе-жек өнер қауымдастығын  ұйымдастырып, ерекше балаларға қамқорлық көрсетуде.

– Біз өз кезегімізде жұмыс жағдайларын жасауға бюджеттен қажетті қаражатты бөлетін боламыз, – дей келіп, облыс әкімі ҰҚК аумақтық бөлімшелерінің ғимараттарына жүргізілген және жоспарланған жөндеу жұмыстары туралы тарқатып айтып берді.

Жиын барысында Қазақстан ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаментінің бастығы генерал-лейтенант Тамерлан Жұмағалиев құттықтау сөз сөйлеп, алдағы уақытта да сала офицерлері елдің бейбітшілігі мен қауіпсіздігін қорғау жолында еселі еңбек етеді деп түйіндеді.

Сондай-ақ, ол өз сөзінде департамент қызметкерлерінің жан-жақты қызметі: террористік, діни экстремистік әрекеттерге, есірткі трафигіне, қару-жарақ саудасына қарсы іс-қимыл туралы айтып өтіп, қазіргі таңда киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету аса маңызды мәселелердің бірі екендігін баса айтты.

Тамерлан Жұмағалиев Ұлттық қауіпсіздік  органдарының ардагерлеріне алғыс білдіріп, олардың дәстүрлі ерлік жолдары алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.

– Біз осыдан 30 жыл бұрын облыстық ардагерлер ұйымын құрған кезде, оның құрамында Ұлы Отан соғысының 157 қатысушысы болған еді, одан кейін сегіз адам Ауғанстандағы әскери ұрыстарға қатысып, жауынгерлік жолда шыңдалды, – деді ардагерлер ұйымының өкілі, отставкадағы подполковник Сайлаубай Ыбыраев. – Біз, Сіздердің әрі қарай да Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері абыройлы міндетіне дақ түсірмейді деп сенеміз!

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар