Жастарды ен алдымен жұмыс мәселесі толғандырады

Ақмола облысында он төрт пен жиырма тоғыз жас аралығында  149 мың 89 азамат тұрады.  Ауыл жастарының саны 82 мыңнан асады,  қала жастарының саны 66 мыңды толық қамтиды. Облыс бойынша 2022 жылы   жастарды қолдау мен дамытуға  601,3 миллион теңге қарастырылған. Облыстық бюжеттен 285,8 миллион теңге, оның ішінде жастар және отбасы саясаты саласында мемлекеттік   әлеуметтік тапсырысты  орындауға  аудандық және қалалық бюджеттерденде ауқымды сома қарастырылған.  Өңірде 20 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Аудандар және қалалар бойынша 19 жастар ресурстық орталығы жұмыс атқарады.

Ақмола облыстық халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармасының  басшысы Дина Ахметжанова бізбен әңгімесінде  жұмыссыз жүрген жастардың көптігін мәлімдей келе жастарды бір арнаға тоғыстырып белгілі бір жобаларға дайындау керегін ашып айтты.

Қоғамдық кеңестің жастарды қолдау мәслихатының мүшесі А.Күзембаев өз есебінде жастар халықтың әлеуметтік-экономикалық белсенді бөлшегі болып табылады. Расымен де, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты кәсіби қызметтің белгілі бір саласында жеткілікті тәжірибесі болмаса да, инновациялық және шығармашылық әлеуеті бар деседі.   Сондықтан, жастарды жұмыспен қамту, қолдау және еңбек нарығында кәсіби бәсекеге қабілеттілігін дамыту мәселелері Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының өте өзекті және стратегиялық басымдығы болып есептелінеді. Бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастырудың іргелі факторы оның ұлттық экономиканың еңбек нарығындағы жоғары біліктілігі мен сұранысы.  Халықты тиімді жұмыспен қамту механизмі бар еңбек нарығы әлеуметтік саланың негізгі элементі ретінде жұмыссыздықпен күресуге бағытталған.

Бурабай аудандық жұмыспен қамту орталығы кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын жүзеге асыру.  Осы жоба аясында жастарды жұмыспен қамту бағдарламалары әзірленді. Мәселені шешуде мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар маңызды орын алады.  «Жастар тәжірибесі», «Бірінші жұмыс» және «Келісімшарт» бағдарламалары 29 жасқа толмаған адамдарға арналған.

2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыспен қамту орталығына 639 жас өтініш білдірсе, оның ішінде 475 адам немесе өтініш білдіргендердің 75 пайызы тұрақты жұмысқа орналасқан. 125 адам жұмыссыз ретінде тіркелген.  2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы халық тобынан 19 адам тіркелуін жалғастырды.

Ағымдағы жылдың басынан бері жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасуға көмек сұрап 481 адам жүгінді, оның ішінде 165 адам.  (34,3 пайыз) – жастар арасынан. Жұмыспен қамтылғандар  417 адам болса, оның ішінде 149-ы немесе  35,7 пайызы жастар арасынан. Өтініш бергендер санынан жұмыспен қамтылғандардың үлесі 86,7 пайызды, соның ішінде жұмыспен қамтылған жастардың үлесі 90,3 пайызды құрады.  Халықты жұмыспен қамту орталығының көмегімен 17 адам жұмысқа орналастырылған.

Әйгерім ТОҚТАМЫС.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар