Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бағдарлама бірнеше жобадан тұрады - АРҚА АЖАРЫ

Бағдарлама бірнеше жобадан тұрады

Тұрғындардың табысын ұлғайту, кірісін көбейту бағытындағы мемлекеттік бағдарлама көптеген ақмолалық жастың өзі қалаған ісін тауып, тәжірибесін толықтыруына көмегін тигізуді.

2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында өңірде бірқатар жұмыстар атқарылды. «Алғашқы жұмыс орыны», «Мектеп бітірушілерге жастар тәжірибесі», «Ұрпақтар келісімі» сияқты жобалар өмірге белсенді енгізілуде.

Қазірдің өзінде 38 жас өзінің алғашқы жұмыс орнына орналасты. Бұл мектеп бітіріп, алғаш жұмыс іздеуші түлектерге, сондай-ақ, 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастарға арналған жоба. Бұл жобаға қатысу үшін диплом болуы міндетті емес екендігі маңызды және қолайлы. Бұрын жоба бір жылға 20 айлық есептік көрсеткіші  көлемінде немесе 60 мыңнан астам ғана теңге болса, бұл күндері оның ұзақтығы 18 айға дейін ұзартылды. Сол сияқты, жас қызметкердің жалақысы 30 айлық есептік көрсеткіш немесе 91 890 теңге болды. Мұндай жалақы жұмысқа жаңа орналасқан жас жігіттер мен қыздар үшін тәжірибе жинақтап, кәсіпорындағы жұмыс орнында тұрақтап қалуға үлкен мүмкіндік береді. Биылғы жылы осы «Алғашқы жұмыс орыны»  жобасы бойынша жүзге тарта жасты жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Мемлекеттік бағдарламаның тағы бір бағыты – «Жастар тәжірибесі» тек қана олардың табыс көлемін ұлғайту емес,  мамандық таңдауына, алғашқы еңбек тәжірибесін жинауына мүмкіндік жасауға арналған. Жұмыспен қамту орталығы арқылы тәжірибе толықтыруы үшін 133 жас кәсіпорындарға жіберілді. Жоба аясында олар жыл бойы өз мамандықтары бойынша жұмыс жасап, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде  90 мың теңгеден астам  жалақы алатын болады. Жалпы, барлығы 523 адамды тәжірибе алуға жіберу жоспарланып отыр.

Облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту басқармасының қолға алған тағы бір жобасы «Ұрпақ келісімі» деп аталады. Оған 29 жасқа дейінгі, оқу орындарын соңғы екі жыл ішінде бітірген түлектер қатыса алады. Оның ұзақтығы  6 ай, жалақысы 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Одан кейін жас адамға тұрақты жұмыс орны ұсынылады немесе ол зейнеткерлікке шығатын адамның орнын басады. Әзірге бұл жобаға  Бурабай, Атбасар, Біржан сал аудандары, Қосшы қаласының тұрғындары ғана қатысуда. Жыл аяғына дейін 23 жас адам атысуы керек.

Бұл жобалардан басқа облыста жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыруға ұмтылған  жастарға көмек беретін жобалар баршылық. Ондай жастарға мемлекеттен 400 айлық есептік көрсеткіш – 1 225 200 теңге көлемінде  қайтарымсыз грант беру қарастырылған. Ағымдағы жылы 487 ақмолалыққа  596,7 миллион теңге бөлу жоспарланған. Оның ішінде 260 грант жастарға берілмек. Қазірдің өзінде 21 адам грантқа ие болып, өз жобаларын өмірге енгізуге кірісті.

                                                                                   Айдана СӘДУАҚАСОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар