Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Коронавирустың Omicron BA.5 штамы неге сонша қауіпті - АРҚА АЖАРЫ

Коронавирустың Omicron BA.5 штамы неге сонша қауіпті

– Omicron BA.5 ақуызында үш негізгі мутация бар, бұл оны жасуша жұқтыруда және адамның иммундық қорғанысын жеңуде тиімді етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

BA.5 екі айдың ішінде бұған дейінгі штамдарды басып озып, Құрама Штаттардағы эпидемияның негізгі себебіне айналды. АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының соңғы мәліметінше, өткен аптада Америкада коронавирус жұқтырған 3 адамның екеуінен осы штамм табылған.

АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры доктор Рошель Валенски BA.5 клиникалық ауырлығы туралы білмейтінін айтты. Вирустың басқа нұсқаларымен салыстырғанда, осы штамм адам иммунитетіне төзімді және тез жұғады.

АҚШ-та ковид жұқтыру жағдайларының ресми саны күніне шамамен 110 мың адамды құрап отыр. Вашингтон университетінің ғалым профессоры Али Мокдадтың айтуынша, тіркелген әрбір жағдайға 7 тіркелмеген жағдай тең келеді. Америка Құрама Штаттарында күнделікті ауруханаға жатқызу саны да артып келеді. Интенсивті терапияны қажет ететін пациенттердің үлесі соңғы екі аптада шамамен 23%-ға өсті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар