Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Стандартты салық шегерімдерін қолдану құқы - АРҚА АЖАРЫ

Стандартты салық шегерімдерін қолдану құқы

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (әрі Салық кодексі) заңына сәйкес ЖТС бойынша салық салынатын табысты айқындайды.

Оның барысында мүгедек балалардың ата- аналары, қорғаншылары, қамқоршылары Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 3-тармағына сәйкес стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқылы. Стандартты шегерімдер күнтізбелік жылдағы айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшерін құрайды. Осы тармақшаны қолдану күніндегі жағдай бойынша мұндай тұлға – мүгедек бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай мүгедек бала үшін – оның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

«бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына әрбір осындай адам үшін – оның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін – бала  асырап алушылардың бірі;

жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасыға беру туралы шарттың қолданылу мерзімі кезеңінде әрбір осындай адам үшін – жетім балаларды және ата-анасының қамфқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасы. Осы тармақшаның ережелері:

қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық ұйымдар, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшіліктерінің жұмыскерлеріне қатысты олардың осындай ұйымдармен еңбек қатынастарында болуына байланысты;

Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеге тұратын (ерлі-зайыптылықта болатын) адамдарға қатысты қолданылмайды.

Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген стандартты шегерімдер осы салықтық шегерімдерді қолдану үшін негіз туындаған, бар немесе болған күнтізбелік жылда қолданылады.

Жәрдемақы алу үшін қызметкер жұмыс орны бойынша салық шегеріміне өтініш беруі, баланың мүгедектігі туралы анықтаманы (растау құжатын) ұсынуы керек.

Ақмола облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаменті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар