Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыл тұрғындарына шағын несиелер беріліп, кәсіпкерлікке тартылуда - АРҚА АЖАРЫ

Ауыл тұрғындарына шағын несиелер беріліп, кәсіпкерлікке тартылуда

Халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру бойынша бекітілген Кешенді жоспар шеңберінде несиелендіру әкімшісі Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы болып табылады. 2017-2021 жылдар аралығында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істеді, оның мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болды.

2017 жылдан бастап 2021 жылға дейін жалпы сомасы 13,3 миллиард теңгеге 3 431 кредит және микрокредит берілді, оның ішінде бастапқы бизнесті қолдауға 7,3 миллиард теңге сомасына 2137 микрокредит берілді.

Сондай-ақ, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға (жылдық 4 пайызбен) 729,6 миллион теңгеге 208 қарыз берілді.

Барлық берілген кредиттер мен микрокредиттердің негізгі үлесін шамамен 60 пайыз мал шаруашылығын дамытуға бағытталған кредиттер құрайды. Бұл ретте қосымша 3,9 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды.

Кредиттер мен микрокредиттер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ кредиттік ұйымдары арқылы жылдық 6 па-йыздан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен 5 жылға дейінгі мерзімге, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін, ең жоғары сомасы 8 мың АЕК-ке дейін берілді.

Несие қаражаты ауыл шаруашылығы жан-уарларын сатып алуға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін айналым қаражатын толықтыруға, ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтарын сатып алуға, сондай-ақ, ауылдық жерлерде кәсіпкерлік қызметті дамытуға берілді.

Кешенді жоспарды одан әрі іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда шағын кредит берудің жаңа бағдарламасы іске асырылатын болады. Бұл мақсатқа Ақмола облысына республикалық бюджеттен 2,6 миллиард теңге бөлінді. Бөлінген қаражат аясында 511 шағын несие беру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта белгіленген тәртіпте нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау рәсімдері жүргізілуде. Тамыз айының ортасында шағын несие беруді бастау жоспарланып отыр.

Ақмола облысының ауыл шарушылығы және жер қатынастары басқармасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар