BA.5 омикрон-штамы көбіне тестпен анықталмайды – Калифорния университетінің дәрігері

– Калифорния университетінің дәрігері коронавирустың BA.5 омикрон-штаммы көбінесе тестпен анықталмайтынын, ол жалған теріс нәтиже беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жазуынша, бұл оны ерте кезеңде диагностикалауды қиындатады. Оған тамақтың қатты ауруы тән. Дәрігер бұл штамм ең жұқпалы болуы мүмкін екенін атап өтті. Контагиоздігі бойынша басқа штамдардан кем дегенде 20%-ке асып түседі. Вирус неғұрлым жұқпалы болса, оны әсіресе көпшілік арасында жұқтыру оңай.

Сарапшылардың пайымынша, адамзат коронавирус адамдармен мәңгі қалады деген ойға үйренуі керек, сондықтан бұл инфекция барлық жаңа кіші түрлеріне ұшырамау үшін оны вакцинациялау керек. Ал жапондықтардың жартысынан көбі коронавирустың жетінші толқынына байланысты шектеулер енгізуді жақтайды.

Зерттеуге сәйкес, респонденттердің 22 %-і шектеулерді қолдады, тағы 35 %-і белгілі бір дәрежеде осы қажеттілікпен келісті. 13 %-і шектеулерге мүлдем қарсы, 24 %-і белгілі бір дәрежеде қарсы. Сауалнама 16 шілдеден бастап үш күн ішінде 1216 адам арасында телефон арқылы кездейсоқ компьютерлік іріктеу әдісімен жүргізілді.

Соңғы бірнеше күнде Күншығыс елінде ковидтің жаңа жағдайларының саны бойынша 100 мыңнан бірнеше рет асып кетті. Өткен сенбіде инфекциялар саны жаңа күндік антирекорд орнатылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар