«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2022 жылғы 27 шілдеде сағат 10.00-де Көкшетау қаласында (Абай көшесі, 83) жетінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның қарауына «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №7С-12-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе және басқа да мәселелер енгізіледі.
Талғат ЖҮНІСОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.