Вэнтянь зертханалық модулі Қытайдың ғарыш станциясымен түйісті

– Жексенбі күні іске қосылған «Вэнтянь» бірінші зертханалық модулі Қытайдың орбиталық станциясының Тяньхэ базалық модулімен сәтті түйісті. Бұл туралы ҚХР басқарылатын ғарыштық ұшулар бағдарламасы басқармасы хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүкіл процесс шамамен 13 сағатқа созылды. Қытайдың басқарылатын ғарыштық ұшу бағдарламасы басқармасының мәліметінше, бұл – Қытайдың 20 тонналық екі ғарыш модулінің орбитада алғаш рет түйісуі. 2022 жылдың қазан айында ғарышқа тағы бір зертханалық «Мэнтянь» модулі ұшырылады. Қытайдың Тяньгун ғарыш станциясының құрылысын аяқтап, оны пайдалануға беру осы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.

Фото: Вконтакте (vk.com/chinaspaceflight) желісінен

 426 Total Views,  2 Views Today

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар