Ақтау мәслихат хатшыларын қабылдады

Өткен аптада Акмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі Кеңесінің Ақтау қаласындағы көшпелі отырысына қатысты.

Екі күндік іс-шара Қазақстан халқы Маңғыстау Ассамблеясының алаңында өтті. Отырысқа Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаев, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Т.Мұқашев, республикалық және облыстық маңызы бар калалардың, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттары, қоғамдық кеңестің және басқа да бірлестіктердің  өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердің дербестігін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде, жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа тұжырымдамасы әзірленуде. Шешімдер қабылдау процесіне халықтың қатысуын арттыру, атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету көзделіп отыр.

– Біз әріптестерімізбен «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасын, сондай-ақ, референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штаб жұмысының қорытындыларын талқыладық, оған бірқатар ұсыныстар енгіздік. Бұл отырыс жұмысты қай бағытта жандандыру, бірінші кезекте қандай мәселелерді шешу керектігін айқындады.

Сонымен қатар, бізде жергілікті тарихи ескерткіштер мен қасиетті жерлерді көруге мүмкіндік болды. Мен осы көшпелі отырысты ұйымдастырып, бізді өз жерлерінде жылы қарсы алған Маңғыстау облысындағы әріптестеріме алғысымды білдіремін», – деп бөлісті сапар туралы Талғат Тұрлыбекұлы.

Ақмола облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар