Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Білім саласы ұдайы назарда ұсталып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Білім саласы ұдайы назарда ұсталып келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов, Ақмола облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің жетекшісі Серік Алтаев, «Сенімен болашаққа» республикалық қоғамдық бірлестіктің Ақмола облыстық филиалының басшысы Айгүл Нұрмағанбетова және Ақмола облыстық қамқоршылық кеңесінің мүшесі Ерлан Закирьяновтың қатысуымен «Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау және қаржыландыру мәселелері» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді.

– Облыста 36679 оқушы баланы қамтыған  607 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 256 балабақша және 351 мектепке дейінгі шағын орталық бар.  Қазіргі таңда 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 2 жастан 6 жасқа дейінгі 80,5 пайызды құрап отыр. Бүгінгі таңда әлеуметтік желілерде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау мәселесі белсенді талқылануда. Біз де осы мәселе төңірегінде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы айтып, оқырмандарды құлағдар етсек деп едік, – деп бастады сөзін басқарма басшысы.

– Балабақшаларды лицензиялау процесі кезең-кезеңімен жүргізіледі. Лицензиялау процесін бастау үшін бірінші кезекте заңнамалық актілер қабылданатын болады. Бұл процесс белгілі бір уақытты алады. Республика бойынша балабақшаларды лицензиялау 2024 жылға жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде 2024 жылы жаңадан ашылған мектепке дейінгі ұйымдар лицензияланатын болады. Екінші кезеңде қайта мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдар, ал, үшінші кезеңде жұмыс істеп тұрған барлық басқа балабақшалар лицензияланады, – дей келіп, білім басқармасының басшысы осы мақсатта қандай шаралар атқару керек екендігін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Бейбіт Жүсіповтің айтуынша, лицензия алу үшін балабақшалардың балалар үшін жасалатын жағдайлардың сапасы, педагогикалық кадрлардың сапалық құрамы, бейнекамераларды орнату мәселесі, санитарлық және өртке қарсы нормаларға сәйкестігі және тағы басқа осындай  біліктілік талаптары басты назарға алынады. Лицензиялау процедурасы толығымен автоматтандырылады.

Сонымен қатар, ел аузында жүрген ауқымды тақырыптың бірі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қаржыландырудың ваучерлік жүйесін енгізу мәселесі де бас-ты назарда. Қаржыландырудың ваучерлік тәсілінің басты артықшылығы ата-аналар кез-келген балабақша немесе мектепті таңдап, мемлекет берген ваучермен төлем жасай алады. Ваучер дегеніміз тауарға немесе көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы растама құжат.  Яғни, қаржыландырудың ваучерлік тәсілі енгізілетін болса, білім беру жүйесінде нарықтық қатынас дами түспек. Бұл дегеніңіз, қаржының ашықтығын қамтамасыз етеді.

Осы мәселені жан-жақты пысықтау үшін ваучерлік (дербестендірілген) қаржыландыруды іске асыру қағидалары әзірленеді.

Жобаны елдің басқа өңірлерінде енгізу және іске асыру үшін ұсынымдар қарастырылуда. Ол үшін мемлекеттік тапсырысты орналастыру ережесіне сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру, «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамымен бірлесіп, басқарма немесе білім бөлімі жіберген бюджеттік есепке алу үшін баланың заңды өкіліне электрондық шот ашылатын операторды айқындау, білім басқармасы (бөлімі) жоба шеңберінде оператормен және мектепке дейінгі ұйыммен негіздемелік келісім жасау, электрондық шот ашу үшін қажетті жобаға қатысушылар туралы мәліметтерді жинау бойынша қалыптастырылған тізбеден мектепке дейінгі ұйымдармен мәселені пысықтау керек.

Міне, «Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау және қаржыландыру мәселелері» бойынша өңірімізде осындай жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жиын барысында  басқа да спикерлер сөз алып, өзекті мәселе туралы атқарылып жатқан жұмыстарды тарқатып айтып берді. Бұл ауқымды жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Жиын соңында журналистер сөз сөйлеген спикерлерге білім саласына қатысты сұрақтар қойып, оларға тұшымды жауаптар алды.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар