Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Цифрландыру жұмыс сапасына игі әсерін тигізуде - АРҚА АЖАРЫ

Цифрландыру жұмыс сапасына игі әсерін тигізуде

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Ақмола облыстық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Бибігүл Омарова мен республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы облыстық филиалы директорының  орынбасары Зәуреш Бапанова  «Денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру туралы» деген тақырыпта брифинг өткізіп, маңызды мәселенің жүзеге асырылуы, оның тиімділігі туралы айтып берді.

Денсаулық сақтау саласын цифрландырудың оңтайлылығын тұрғындар пандемея кезінде айқын сезінді. Бірқатар науқас жандар электрондық байланыс арқылы дәрігер кеңесін тыңдады, өзіне сұраныспен дәрі-дәрмек алды. Орталықтағы білікті мамандар алыс аймақтағы күрделі ота жасауға осы байланыс арқылы қатынасты. Компьютер арқылы дәл диагноз қою, ота жасаудың тиімділігіне де дау жоқ. Демек, медицина бұл бағытта жетіліп, дами түспек.

Бибігүл Омарова өз хабарламасында 2019 жылы облыс бойынша 213,6 миллион теңгеге 996 дана компьютер алынып, өңір медицинасы 100 пайыз қамтылғанын айтты. 562 нысан ғаламторға қосылған. Мекемелер 20 медициналық ақпараттық жүйені пайдаланады. Ол жүйеде ресми статистикалық мәліметтер, қаржы жөніндегі құжаттар бар. Өңірде жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету мен емдеу-диагностикалық үрдісті автоматтандыру, электрондық төлқұжат толтыру сияқты жұмыстар да белсенді жүргізілуде.

Мәселен, «Даму мед» мобильдік қосымшасын 203 511 адам пайдалануда. Бұл 245 952 адамның 58,8 пайызы. Өңірдегі электрондық денсаулық төлқұжатын толтырғандар саны 767 960 адам немесе 98 пайыз. 24 цифрлық сауаттандыру постары құрылған. Кешенді медициналық ақпараттық жүйеге 38 медициналық ұйым қосылған. Бұл 100 пайыздық көрсеткіш.

Жалпы, цифрлық технологияны енгізу қағазсыз құжат айналымына, медициналық қызмет көрсету шығынын азайтуға, тұрғындардың өз денсаулығына көңіл бөлу белсенділігін арттыруға оң әсер етеді, денсаулық сақтау саласына деген сенімді ұлғайтады.

Мемлекеттік қызмет көрсету реестіне сүйенсек, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен  облыс медицина мекемелері  28 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Оның ішінде 19 мемлекеттік қызмет түрі денсаулық сақтау басқармасына, 9 қызмет білім саласына тиесілі.

Ағымдағы жылдың 6 айы ішінде аталмыш мекемелер 3 832 779 мемлекеттік қызмет көрсеткен.

Бибігүл Омарова да денсаулық сақтау саласын цифрландырудың тиімділігі туралы кеңінен айтып берді.

Ал, тәжірибеге, күнделікті өмірдегі ахуалға келсек, әсіресе, егде жастағы адамдар, зейнеткерлер дәрігер қабылдауына барғанда олардың өздеріне жіті көңіл бөліп, дұрыс қарамайтынына шағынады. «Дәрігерлер компьютер экранынан көз алмай отырып, қағаздарын толтырады да, дәріханадан алатын дәрілер тізімін қолымызға ұстата қояды» деп шағынады үлкендер. Өздерімен тілдесіп, ауруының жәй-күйін сұрастырып, жағдайын түсінуге тырыспайтынына ренжиді.

-Иә, ондай арыз-шағымдардың бары рас. Бірақ, бүгінгі талап бойынша дәрігер жұмысын дұрыс атқарып отыр. Өйткені, науқасқа сұрақ қоя отырып, ол компьютерден сол ауру симптомына байланысты анықтамалармен, деректермен жұмыс жасап отыр.

Оның үстіне бір маман-дәрігер келесі маман-дәрігердің жұмысына араласпауы, кіріспеуі керек. Сондықтан, ол адамның өз мамандығына тиесілі емес тұстарына назар аудармайды.

Алайда, сырқат адаммен жылы сөйлесу, көңіл-күйіне қарай әңгімелесу сияқты дәрігер әдебі мен психологиялық көмегін ешкім тиып тастаған жоқ,– деп жауап берді брифингке келген басышлар.

                                                                       Серік САПАРҰЛЫ,

                                                                       «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар