Гепатитті емдеуге қарағанда алдын-алу оңай!

28 шілде – Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні. Бұл күн бүкіл әлемде кездейсоқ атап өтілмейді. Бұл күні ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты дәрігер Барух Бламберг дүниеге келді, ол В гепатиті вирусын ашты және вирустың диагностикалық тестін, сондай-ақ оған қарсы вакцинаны жасады. Бүгінгі таңда инфекциямен күрес бойынша күш-жігерді нығайтуға, жаһандық шаралардың қажеттілігін еске салуға себеп бар.

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректері бойынша өңірде гепатитпен сырқаттанушылық мониторингіне сәйкес 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жіті вирустық гепатиттермен сырқаттанушылық 6 есе, оның ішінде А гепатиті вирусымен 4 есе, созылмалы В гепатиті вирусымен (дельта) 8 есе өскені байқалады.

Анықталған аурулардың ең көп саны Көкшетау қаласында (26 жағдай), Аршалы (11), Атбасар (5), Шортанды (4), Бурабай (3), Ерейментау (3), Сандықтау (3) аудандарында тіркелген. Негізінен ауру ересектер арасында тіркелген. Ересектер арасында инфекция көздері мен берілу жолдары 65–тен 17 жағдайда анықталды, операциялар – 6 жағдай, қан құю – 1, емханалық араласу – 5, жыныстық жол – 2, есірткі – 2, әдет-ғұрып-1. Байланыста болған 60 адамның арасында инфекция жұқтырғаны анықталған жоқ.

В және С гепатитінің вирустары тіпті аз мөлшерде жұқтырған қан арқылы берілетінін білу керек. Вирустың енуі үшін жара, сызаттар, инъекция немесе кесу жеткілікті. Инфекция пирсинг, татуировка, маникюр, педикюр, құлақты дұрым емес немесе дұрыс өңделмеген құралдармен тесу кезінде пайда болуы мүмкін екенін білу керек.

Бауырдың қабынуы (гепатит) бауыр ұлпасына зиян келтіретін әртүрлі факторлардан туындауы мүмкін екенін еске салғымыз келеді. Жұқпалы гепатит-ластанған тамақ, су, тұрмыстық заттар арқылы А және Е гепатиті вирустарының ағзаға енуіне байланысты бауыр жасушаларының зақымдануы. В, С, D, F, G гепатитінің вирустары жұқтырған қанмен байланыста болған кезде беріледі.

Бауыр функционалдығының төмендеуінің нәтижесі әр түрлі болуы мүмкін белгілердің пайда болуы: әлсіздік, сылбырлық, тәбеттің төмендеуі, іштің кебуі, нәжістің бұзылуы, терінің сарғаюы және т.б. Қабыну процесінің одан әрі дамуымен бауырдың зақымдалған және өлі жасушаларын май мен дәнекер тінімен біртіндеп ауыстыру жүреді, бауырда тыртықтар пайда болады және гепатит өлімге әкелетін ауруға айналады – бауыр циррозы.

Созылмалы вирустық гепатит-жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін ауыр ауру. Гепатит вирусын жұқтырудың алдын алу үшін профилактикалық шараларын сақтау керек:
– дәретханадан келгеннен кейін, тамақтанар алдында, жұмыстан, көшеден келгеннен кейін қолыңызды ағынды сумен және сабынмен мұқият жуыңыз;
– көкөністер мен жемістерді мұқият жуыңыз;
– табиғатта немесе саяжайда болған кезде қайнатылмаған су ішпеңіз;
– балаларды ерте жастан бастап жеке гигиена ережелерін сақтауға үйретіңіз.
А гепатиті вирусынан қорғаудың сенімді тәсілі бар-вакцинация, ол эпидемиялық көрсеткіштер бойынша ошақтардағы байланыста болған адамдарға және гепатиттің кең таралуы бар елдерге баратын азаматтарға жүргізіледі.

В гепатитіне қарсы вакцинациялау ҚР профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне енгізілген және балаларға өмірінің бірінші жылында, атап айтқанда өмірдің 1-4 күнінде, одан әрі 2 ай және 4 айда вакцинациялаумен жүргізіледі. С гепатиті вирусын алдын алуға арналған вакцина жоқ.

Гепатит вирусын жұқтыруға күдік болған кезде дәрігерге дереу қаралу қажет. Өзін-өзі емдеуге болмайды, созылмалы гепатитті емдеуді тек дәрігер жүргізуі керек. Ауруды емдеу қиын, ұзақ және қымбат болатын кезеңге дейін созбай, уақтылы емделу керек.
Диагностика мен емдеудің заманауи деңгейі вирустық гепатиттерді анықтауға және онымен күресуге мүмкіндік береді. Парентеральді гепатиттерді уақтылы анықтау және оларды тиімді емдеу – бұл сауығудың және асқынулардың дамуы болмауының кепілі.

Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар