Таяуда Көкшетау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен облыстық және қалалық басылымдар мен интернет-ресурстардың журналистерінің, сондай-ақ, блогерлердің қатысуымен баспасөз туры болып өтті. Баспасөз туры барысында БАҚ қызметкерлерімен бір автобуста облыс орталығының әкімі Бауыржан Ғайса бірге жүрді.
Белгіленген нысанға жеткенше уақытты босқа өткізбей, қала әкімі журналистер қауымына жол бойы абаттандыру жұмыстары қалай жүріп жатқандығы туралы айтып, басқа да көптеген түйткілді сұрақтарға жауап берді.
Көкшетау қаласының тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық саласында тындырымды шаруалар атқарылып жатыр. Мәселен, биылғы жылы «Жайлау» мөлтек ауданындағы бірнеше көпқабатты үйлердің кәріз жүйелері жаңартылуда. Бұл отыз жылдан бері жөндеу көрмеген кәріз жүйесі екен. Қала әкімі бұл жұмыс инвестициялық бағдарлама аясында атқарылып жатқандығын айтып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлеріне уақытты тиімді пайдалану керектігін тапсырды. Жөндеу жұмыстарын көзбен көріп, көңілге түюді ұйғарған қала әкімімен аталмыш шағын ауданының тұрғындары да кездесіп, өздерін толғандырып жүрген көкейтесті сұрақтарды да ортаға салды.
–Биылғы жылы Темірбеков көшесінің жолына толығымен жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда көшедегі жарықтандыру қалпына келтірілді, – деді қала басшысы.
Сонымен қатар, Кенесары көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, Уәлиханов көшесінен «Жайлау-2» шағын ауданының Сырымбет көшесінің бұрылысына дейінгі учаске, ал, Қуанышев көшесі: Назарбаев даңғылынан Шевченко көшесіне дейінгі учаске, Сәтпаев көшесі: Уәлиханов көшесінен Қуанышев көшесіне дейінгі учаске, Осипенко көшесі: Гагарин көшесінен Жүнісов көшесіне дейінгі учаске, Полевой көшесі: Уәлиханов көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі учаске, Әшімов көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін, сондай-ақ, «Светофор» дүкені жағына дейінгі бұрылыс жөндеуден өтті.
Бүгінде Қуанышев көшесінен бастап, Гвардейская көшесіне дейінгі Жұмабаев көшесіндегі жолды жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Одан әрі Жұмабаев көшесі (Гвардейская көшесінен Сәтпаев көшесіне дейін), Вавилов көшесі (Ақан сері көшесінен Әшімов көшесіне дейін (мұнда облыстық аурухана орналасқан) жөндеу жүргізілген. Нәтижесінде, көше-жол желісін орташа жөндеу аясында 7271 метр жаңа асфальт төселіп, жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Дроздов көшесі мен Застанционный кентіндегі Чернышевский, Лермонтов, Көктерек көшелеріндегі жолдар орташа жөндеуден өтіп, қиыршық тас төселді.
Бейбітшілік шағын ауданында Нұрпейісов, Қажымұқан, Рахымов көшелерінің жолдарына жасалып жатқан орташа жөндеу жұмыстары 2023 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. «Көкшетау Жолдары» серіктестігімен жасалған келісім-шарт бойынша бұл жерде ауқымды жұмыстар атқарылмақшы. Көлік жүретін бөлік, тротуарлар, су бұратын науалар жөнделеді, жарықтандыру шамдарын заманауи жарықдиодты шамдарға ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, қаламыздың көше-жол желісі бойынша 7780 тірек бар, оларға ұзындығы 182 шақырым болатын 12880 шам орнатылған.
Биылғы жылы 150 жарықтандыру элементтерін ауыстыра отырып, көше жарығын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді, қаланың 40 тірегінде көше жарығының электр беру желісіне жөндеу жұмыстары атқарылған, электр беру желісінің 35 учаскесінде жөндеу жүргізілді, ұзындығы 1235 метр электр беру желісінің авариялық учаскелері ауыстырылды. Сонымен қатар, Краснояр ауылының Нұрлы көш шағын ауданында қосалқы станцияны қалпына келтіру және Мамыр, Вавилов көшелерінен Бөкейхан көшесіне дейін, Темірбеков көшесі мен М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясынан «Жайлау» шағын ауданына дейін және Шевцова көшесінде жарықтандыру бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Әуезов көшесінен Буденный көшесіне дейін Пушкин көшесінің жарықтандыруын ағымдағы жөндеу және қалпына келтіру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жалпы осы учаскеде 75 тірек орнатылады. Сондай-ақ, Бейбітшілік шағын ауданында жолды қайта құру аясында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, оған 54 жаңа көше жарықтандыру тіректері мен 129 LED-шамдар орнатылады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.