Жұмыс бірлескенде алға басады

 Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов жұмыс сапарымен Жарқайың ауданында болып, бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Аудандық мәслихат депутаттарымен кездесуде өңірдегі ағымдағы жағдай, бірлескен шешімді талап ететін мәселелер, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша өз ұсыныстарын енгізу қажеттілігі талқыланды.

Бүгінгі таңда Державинск қаласында сумен жабдықтау жүйесін қайта құру жүріп жатыр. Құны 1,5 миллиард теңгеден асатын жобаны «Байсын-А» ЖШС жүзеге асырады. Державинск қаласындағы Молодежный шағын ауданында қазір 80 пәтерлі бес қабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілуде. «Компания Арнайы Құрылыс» ЖШС-мен 450 миллион теңге сомасына шарт жасалды, облыстық бюджеттен әзірге тек 54 миллион теңге бөлінді, қазіргі уақытта компания үй аумағынан қоқыс шығарумен айналысуда, пайдалануға беру мерзімі – 2023 жыл.

Аудандық мәслихаттың хатшысы Асылхан Әлжановпен бірге Талғат Тұрлыбекұлы мердігерлермен кездесіп, өз сұрақтарын жолдады.

Жарқайың аудандық ауруханасы 2016 жылы салынған, емхана бір ауысымда 150 келушіге, стационар – 50 адамға есептелген. Бас дәрігердің м.а. Э. Нуралина түсіндіргендей, мекеме құрылымында 4 дәрігерлік амбулатория, бір ФАП және 14 медпункт бар. Медициналық пункттердің бір бөлігі жөндеу жұмыстарын талап етеді, басқалары бейімделген ғимараттарда орналасқан. Жарқайың дәрігерлері депутаттардың  қолдауына жүгініп отыр. Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов олардың біраз сұрақтарына жауап беріп, мәселені  атқарушы органдарына жеткізетінін айтты.

Отрадное ауылында 60 млн теңгеге көше-жол желісіне орташа жөндеу жүргізілуде. Бүгінгі таңда бөлінген қаражаттан 15 миллион теңгеден астам қаражат игеріліп, көшелерге асфальт негізінің астындағы құм себілді. Мердігер ұйым – «INP» ЖШС өкілдерінің айтуынша, жұмыстарды жаздың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Отрадное орта мектебін күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 103 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Қаражат шатырды, жылыту жүйесін, электрмен жабдықтауды ауыстыруға қарастырылған.

Оқу басталғанға дейін аз уақыт қалды, сондықтан, мердігер компания асығып, нысанды уақытында тапсыруға тырысуы керек, – деп атап өтті Талғат Жүнісов.

Сондай-ақ, ол «АСДК» және «Раймбек» шаруа қожалықтарының егіс алқаптарында басшылары А.Демьянов пен Р.Мұқанов жергілікті шаруалардың жетістіктерімен және проблемаларымен бөлісті. Айтуларынша, өңірде ауа райы қолайлы, дәнді дақылдар жақсы шығады деп күтілуде. Олар мемлекеттен осы өңірде кездесетін киіктердің өсіп келе жатқан популяциясымен байланысты мәселені шешуді күтуде.

 Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар