Ауылындағы шағын цехтың алғашқы қадамы

Кәсіпркерлікке — кең өріс

Львов ауданда «Радомир» жеке кәсіпкерлігінің тротуар плиталарын шығаратын шағын цехы жұмысын бастады.

Львов ауылында жобаның негізін қалаушы Оксана Кащеева 2025 жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өтіп, сертификат алды. Кейін 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік грантты ұтып алу конкурсына қатысу үшін Мансап орталығының филиалына өтініш берді. Оның шағын өндірістік цех ашу жөніндегі бизнес-жобасы конкурстық комиссия тарапынан мақұлданып, мемлекеттік қолдаудың арқасында қажетті жабдықтар мен материалдар сатып алынып, өндіріс орны дайындалды. Сөйтіп, 2026 жылдың наурыз айында алғашқы өнімін шығарған цех бүгінде  толыққанды жұмыс істей бастады.

Қазіргі таңда «Радомир» жеке кәсіпкерлігі тротуар плиталарының 5 түрін шығарады. Күніне шамамен 5–6 шаршы метр өнім өндіріледі. Бұл өнімдер тапсырыс бойынша да, тұтынушылардың өз таңдауына қарай да дайындалады.

– Бізге берілген гранттың арқасында осы ісімізді бастадық. Алдағы уақытта өндіріс орнын кеңейтіп, шығарылатын өнім түрлерін көбейтуді жоспарлап отырмыз. Баға да тұтынушыларға қолжетімді болады. Болашақта біздің плиталарымыз ауданның тұрғын үйлеріндегі көптеген аулаларға төселеді деп сенеміз, – дейді жеке кәсіпкер Юрий Кащеев.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар