Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шанағынан күй төгілген киелім - АРҚА АЖАРЫ

Шанағынан күй төгілген киелім

Күй ойнайды қазағымның қанында, күй ойнайды қазағымның жанында. Осынау шабытты әнді естігенде қаны қазақ баласы  намысын жоғары қойып, кеудесін тік ұстайды.

Өйткені, домбыра қазағымның асыл мұрасы, атадан балаға мирас болып қалған ұлттық аспабы. Исі қазақ әр қазақтың төрінде домбыра ілініп, әр тойында күмбірлеген  домбыраның үнін естисің. Ерте кезден-ақ, күйшілерді төредей күтіп, төбесіне көтерген, рухани жаңғыруға бет бұрған халқымыз қасиетті домбыра мен құдіретті күйді қазақ қаншалықты қадірлейтінін бүкіл елімізге, барша әлемге паш етіп отыр.

Күмбірлеген күйлер біздің бірегейлігіміз бен рухани тұтастығымызды білдіреді. Домбыраның мәртебесін биікке көтере беру мақсатында «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана Ұлттық домбыра күніне орайластырып, киелі мұрамызды насихаттау бағытында «Домбыра – асыл мұра» атты библиостудия өткізді. Іс-шара барысында оқырмандарға, әлеуметтік желі пайдаланушыларына домбыраның тарихы мен оның қазақ даласындағы алатын орны туралы ақпарат берілді.  Ұлы даланың сырын шертіп, адам баласына ұлттық сезімді дарытатын осы бір киелі аспаптың маңызы зор.

Сонымен қатар, Көкше өңірінің ақиық ақындары әлмисақтан асыл мұраны өздеріне жалау етіп, елдің мұңы мен зарын, қуанышы мен қайғысын күмбірлеген домбыра үнімен жеткізіп,  нағыз қазақ екендерін таныта білді. Ұлы ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөздің астарында қазақтың осынау киелі аспабын құрметтемеген, домбыра үніне елтімеген адамда қазақы қасиет жоқ деген ой жатыр. Мұндай жайтты өмірден көріп-біліп, ұшыртып та жүрміз. Адамдардың бәрінің бірдей музыкалық қабілеті бола бермейді ғой. Ал, қандай адам болсын музыканы сүйіп тыңдайды. Демек, музыка адамдардың рухани қорегі деуге болады. Өзге халықтар секілді қазақтар да өзінің ұлттық аспаптарын құрметтеп, ән-күйлерін тыңдап ләззат алады. Әсіресе, домбыраның үні естілгенде елеңдемейтін қазақ жоқ. Лайым алдағы уақытта да солай бола бергей!

Бақытгүл  ҒАЛИЕВА,
«Салтанат» сарайы жанындағы үлгілі қалалық кітапхананың кітапханашысы.

 Көкшетау қаласы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар