Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жақсы жағына өзгерістер барын байқауға болады - АРҚА АЖАРЫ

Жақсы жағына өзгерістер барын байқауға болады

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісовтің Есіл ауданына жұмыс сапары аудан әкімі Еркебұлан Баяхметовпен кездесуден басталды. Еркебұлан Еркешұлы барлық жоспарланған нысандырды бірге аралап, аудандағы  жағдай тұралы  маңызды ақпараттармен бөлісті.

Аудандық мәслихаттағы әріптестерімен Т.Жүнісов «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын әзірлеуге байланысты жинақталған мәселелерді талқылады.  Талғат Тұрлыбекұлы аудан депутаттарын «Ашық НҚА» порталында жарияланған осы жобаларды барынша зерделеуге және өз ұсыныстары мен ескертулерін енгізуге шақырды. Облыстық мәслихат жанынан құрылған жұмыс комиссиясы барлық  ұсыныстарды жинақтап, заңдарды әзірлеушілерге жолдайтынын айтты.

Есіл аудандық мәслихатының хатшысы Сәуле Ағымбаева мен облыстық мәслихатының депутаты Абай Жорабекпен бірге Талғат Тұрлыбекұлы А.Серіков атындағы орта мектепке барды. Ауданның ең ірі оқу орны 1942 жылы құрылған және 495 оқушыға есептелген. Бүгінгі таңда мұнда екі ауысымда 719 оқушы білім алуда. Мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді, аудандық білім бөлімінің басшысы  Н.Полюхтің айтуынша, жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, сондықтан педагогтар Талғат Тұрлыбекұлын облыстық мәслихаттың депутаты әрі хатшысы ретінде облыстық немесе республикалық бюджеттен қаражат бөлуге көмектесуді сұрады.

Есіл аудандық емханасының ғимараты 1979 жылы салынған, мұнда 22 мыңнан астам адамға қызмет көрсетіледі. Бірде-бір рет күрделі жөндеу болған жоқ. Мекеменің бас дәрігері М.Томтаев атап өткендей, жаңа емхана құрылысы қажет, техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық шарттары бар, жер телімі бөлінген. Тек енді облыстан қолдау қажет.

Есілде пластикалық хоккей корты салынуда. Есіл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Т.Ахметжановтың айтуынша, астаналық «AMIRTAS» ЖШС-мен 23 миллион теңгеге жуық сомаға шарт жасалған. Жұмыстар жақында аяқталуы тиіс. Сондай-ақ, жақында мұнда тартан жабыны бар жаңа спорт алаңы салынды.

Сонымен қатар, мәслихат хатшысы 437 миллион теңге бөлінген 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. Пәтерлер «Отбасы банк» арқылы несиеге берілетін болады.

«Ново-Приречное» ЖШС-не барар жолда әріптестерімен бірге Талғат Тұрлыбекұлы  Бұзұлық – Алматы тас жолының ұзындығы 28,5 шақырым орташа жөндеу барысын қарап шықты. Қазір асфальт төселіп жатыр.

Аталған серіктестікте 170 адам еңбек етеді. Негізгі бағыты – дәнді дақылдарды (бидай, арпа, сұлы, күнжара, бұршақ) өсіру. 63 трактор, 18 комбайн бар. Ағымдағы жылы мұнда 33683 гектар жер егілді, бұл өңірдегі мықты шаруашылықтардың бірі. ЖШС директоры Антон Тюркин аудандық мәслихат депутаты және ауылдың дамуына айтарлықтай үлес қосып, жерлестеріне қолдау көрсетуде. Себебі, ауыл тұрғындарының барлық мәселелерін жақсы біледі және оларды әртүрлі деңгейде көтеруге тырысады.

–Есіл ауданының тұрғындарымен және аграршыларымен әңгімелесу ауылда көп нәрсе жасалып, жақсы жаққа өзгеріп жатқанын көрсетті, бірақ, атқарушы және өкілді органдарың, сондай-ақ, жергілікті қоғамдастықтың бірлескен күш-жігеріне байланысты проблемалар да жеткілікті, ­­– деп түйіндеді Т.Жүнісов.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар