Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қатты жаңбырдан зардап шегушілерге өтемақы қарастырылған - АРҚА АЖАРЫ

Қатты жаңбырдан зардап шегушілерге өтемақы қарастырылған

Өткен айдың 29-нан 30-ына қараған түні жауған қатты жаңбыр салдары және оның қалпына келтіру, қолға алынған шаралар туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Ерназаров пен Ақмола облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті басшысының орынбасары Қайрат Қасым айтып берді.

Шілденің 29-шы жұлдызы облысымыздың кейбір жерлерінде, әсіресе, Көкшетау және Степногорск қалаларында тоқтаусыз нөсер жаңбыр жауып, бірқатар залал келтірді. Үзіліссіз 6 сағат бойы жауған жауын кезінде Көкшетау қаласына бір айлық орта  есептегі жаңбырдың 56 пайыз мөлшері түсіпті. Сондықтан, қала көшелерінің суағарлары ондай жауынға төтеп бере алмай, 60 үйдің ауласын су басқан. Оның ішінде 20 үй ойпаң жерлерге салынған жеке жер үйлер  болып табылады. Айта кетсек, Баймұқанов көшесі 109 а, Уәлиханов көшесі 10 және  38-інші үйлер, Әшімов көшесі 218, Панфилов көшесіндегі 9, 33 және 35 үйлер, Жамбыл көшесіндегі 70, 74 және 108, Сабатаев көшесіндегі 76, 82, Назарбаев даңғылындағы 52, Сабатаев 98, Абай 87, Байдалы би 6, Елемесов көшесіндегі 114, 116 үйлер және Наурызбай батыр көшесіндегі 92, 78 үйлер маңайына су жиналған.

Төтенше жағдай кезінде 500 қала тұрғыны  112 және 109 («Айкөмек») шұғыл көмек көрсету нөмірлеріне хабарласқан.Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл штабы 58 адам, 4 ассенизатор мен 18 мотопомпалар ұйымдастырып, 17 мың текше метр суды залалсыз бағытқа бұрған.

Осындай жағдай Степногорск қаласында да орын алған. Мұнда қалалық базар маңайындағы арықтар қажет мөлшерде су өткізе алмай, 13 дүңгіршекті 20 сантиметр деңгейде су алған. Бұл жерге 2 жұмысшы, 4 техника жұмылып, 2 мотопомпа қолданылған. Сондай жұмыстардың нәтижесінде 200 текше метр су қауіпсіз бағытқа сорып алынған.

Шындығында, осындай төтенше жағдай болуы ықтималдығын «Қазгидромет» мекемесі  бір күн бұрын хабарлаған. Тиісінше облыстық төтенше жағдайлар департаменті ауа райының мұндай қолайсыздығы туралы тұрғындар мен жауапты мекемелерге, яғни, әкімшіліктер, құқық қорғау органдарының кезекші бөлімдері, көлік, энергетика, жол, коммуналдық ұйымдарға хабар жолданған.Орын алған жағдай кезінде 8 кәріз сорғыш станциялары су астында қалған. Ол үшін «СМС» жүйесі қолданылған.

Көкшетау қалалық мәслихатының шешіміне сәйкес табиғи апат салдарынан  зардап шеккен отбасыларына үш ай ішінде 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем қарастырылған. Ол бүгінгі таңда 159 мың теңгені құрайды.Соның арқасындаКөкшетау қаласының әкімдігі мен төтенше жағдайлар департаменті келіп түскен өтініштер бойынша тексеру жүргізуде. Бүгінгі таңда комиссия 100-ге жуық мекенжайды аралап шығып, 50-ге тарта актілер жасаған.

                                                                 Серік САПАРҰЛЫ,

                                                                     «Арқа ажарының» өз тілшісі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар