Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елімізде энергия тапшылығы байқалады - АРҚА АЖАРЫ

Елімізде энергия тапшылығы байқалады

Елімізде бірер жылда энергия тапшылығы күрделене түсетіні айтылады. Құзырлы министрліктің есебінше, биыл сағатына 4,6 миллиард кВт-қа жуық қуат жетіспеуі мүмкін. Оған ең алдымен жергілікті энергия көздерінде апаттың жиілеуі себеп. Әрине, мамандар қол қусырып отырмайды. Ескі нысандарды жаңғырту арқылы 2026 жылға дейін қуаты 1,5 ГВт болатын жобаларды жүзеге асырмақ.

Таяуда маневрлі электр станцияларын салуға аукциондық сауда механизмі іске қосылды. Екі аукцион нәтижесінде Қызылорда және Түркістан облыстарында жалпы қуаты 1,2 ГВт бу-газ қондырғыларын салатын мердігерлер анықталды. Халықтың қалтасына салмақ салса да Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесінде тапшылық сезілетін болса, Ресейге сұрау салуға тура келеді. Өйткені, көрші елдегі тариф бізден әлдеқайда жоғары.

Алғашқы жарты жылдықта әлемде 38,5 миллион автокөлік сатылған. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 8,5 пайызға көп. Әсіресе, маусым әлемдік авто нарық үшін олжалы ай болған. Қытайдағы көрсеткіш айтарлықтай. Мұнда бір айда 2,5 миллионға жуық көлік сатылған. Бұл былтырғы кезеңнен 29 пайызға көп. Тізімді АҚШ пен Батыс Еуропа жалғайды. Қос мемлекетте, қоса алғанда, 2,2 миллион көлік сатылған. Жалпы, әлемде алдыңғы айда 7,1 миллион темір тұлпар өз иесін тапқан.

Алайда, жаһандық сарапшылар қуануға әлі ерте дейді. Себебі, бұған дейінгі болжамды ұмытпау қажет. Оған сай, биыл және келесі жылы жағдайдың құбылуына қарай, нарыққа 2,5 немесе 4 миллион автокөлік шығарылмай қалуы мүмкін. Бұған геосаяси ахуал мен қажет жабдықтардың әлі де жетіспеуі себеп. Жағдай реттелсе, биыл әлемдік авто өндірісте 82 миллион, келесі жылы 88 миллион көлік шығарылады. Пессимистік болжам орындалса, 2030 жылға дейін оның саны 25 миллионнан сәл асады.

Елімізде жыл басынан бері жаңа көліктер сатылымы 7 пайызға төмендеген. Оған жартылай өткізгіштердің тапшылығы, логистика мәселесі, Шығыс Еуропадағы геосаяси ахуал және валютаның құбылуы әсер еткен. Ресейден көлік тасымалының азаюы да мәселені өзекті етті. Автонарықты сараптау және мониторинг жүргізу орталығының атқарушы директоры Алмас Дүйсенбай осынау кедергілерге қарамастан, көрсеткіштің жаман емес екенін айтады.

Жеңілдетілген авто несиелеу жүйесінің іске қосылуы бұл үрдісті жеделдетіп отыр. Осы мақсатқа мемлекет 100 миллиард теңге бөлген. Десе де, азаматтар қытайлық көліктерге көңіл бөледі екен. 6 айда сатылған 52 000 көліктің 3 мыңы осындай өнім. Ал, екінші жарты жылдықтағы сатылым кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттыруы мен валюта бағамына әрі логистикалық кедергілердің еңсерілуіне тікелей байланысты. Мамандар мәселе шешілсе, жылды абыроймен аяқтауға әзір.

– Алғашқы жарты жылда жергілікті зауыттар өндірісті 30 пайызға арттырды. Басым күшті жеңіл көлікке салдық. Сөйтіп, 47 мың данасын шығардық. Былтыр 34,5 мыңы өндірілді. Жеңілдетілген несиелеу бағдарламасының іске қосылуы сұранысты еселеп жіберді. Біз ол бойынша 10 мыңдай көлік саттық, – дейді, автонарықты сараптау және мониторинг жүргізу орталығының атқарушы директоры Алмас Дүйсенбай.

Қытай жаңартылатын энергия көздері технологияларын экспорттау арқылы 100 миллиард доллар таппақшы. Осылайша салада көші ілгері тұрған Данияны басып озбақ. Аспанасты елі әлемдік нарықта озық инновациялық тәсілдерді меңгеріп алған. WoodMack сарапшылары мемлекеттің мамандарды, оларға қажет өндірістік парктерді, тіпті кедергісіз тасымал жолдарын пысықтап қойғанын айтады. Қазір жаһандағы жел турбиналарының тең жартысы, күн модульдерінің 66 пайыз, қуаттағыштардың 90 пайызға жуығы қытайлық өнім. Ішкі нарықта да сұраныс көп.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар