АҚШ-қа тікелей әуе рейсін ашу: Америкалық сарапшылар елордаға келді

– АҚШ Көлік қауіпсіздігі әкімшілігінің (TSA) сарапшылары елорда әуежайының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

TSA сарапшылары елордалық әуежайдың тексеру пункттерінің жағдайын бағалады. Бұл – TSA сарапшыларының елімізге жасаған екінші сапары. Алғашқы сапар 2021 жылдың қазан айында өтіп, онда TSA сарапшылары елдегі авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жоғары деңгейін атап өткен болатын және азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау бойынша жүргізіліп жатқан шараларға оң баға берді.

Осы жолы сарапшылар Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының жолаушыларды, қол жүгін, багажды және жүкті тексеру пункттері, сондай-ақ бақылау-өткізу пункттерінің жұмысымен танысты. Сарапшылар АҚШ-қа тікелей рейстерді жүзеге асыру кезінде тексеру пункттерінің жағдайы мен жабдықталуына ерекше мән береді.

Техникалық сапардың нәтижелері бойынша сарапшылар тексеру пункттері мен бақылау-өткізу пункттерінің жағдайына оң баға берді. Тексеру пунктерінде авиациялық қауіпсіздік қызметі персоналының үйлесімді жұмысы атап өтілді.

Болашақта АҚШ-қа орындалатын рейстерге қызмет көрсететін жекелеген тексеру пункттері үшін, оларды жолаушыларды үш өлшемді сканерлеу жабдықтары (дене сканерлері) және жарылғыш зат детекторлары сияқты заманауи техникалық тексеру құралдарымен жабдықтау бойынша ұсыныстар берілген.

АҚШ елшілігі жанындағы Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасының өкілдері тексеру инспекторларын TSA стандарттары бойынша оқыту және жоғарыда аталған бағдарламаның қаражаты есебінен тексеру жабдықтарын өтеусіз сатып алу туралы мәселені қарастыруда.

Техникалық сапардың қорытындысы бойынша АҚШ-қа тікелей рейстер ашу шеңберінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен АҚШ көлік қауіпсіздігі әкімшілігі арасындағы ынтымақтастықты жалғастыру және кеңейту туралы шешім қабылданды. Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан мен АҚШ өзара тікелей әуе қатынасын ашуды жоспарлап отырғаны туралы хабарланды.

Фото:t.me/caa_kaz/КГА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар