Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«KOKSHE» ӘКК» қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды - АРҚА АЖАРЫ

«KOKSHE» ӘКК» қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды

Ақмола облысы бойынша Antikor «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысы бойынша бірқатар жүйелі кемшіліктерді анықтады.

Нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі, төмендетілген құн бойынша активтерді сату, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бағаларды тұрақтандыру шараларын қабылдамау осы саладағы түйінді проблемалық мәселелер болып табылады.

Мысалы, 2014 жылдан бастап корпорация бірлескен жобаларды іске асыру үшін шамамен 40 түрлі ЖШС құрғандығы анықталды, алайда олардың көпшілігі іс жүзінде өз қызметін жүзеге асырмайды.

Талдау көрсеткендей, бүгінгі күні ӘКК шығынды кәсіпорын болып табылады және негізінен әкімдіктің қаржылық қолдауы есебінен жұмыс істейді.

Тұрақтандыру қорының қызметінде де тиімділіктің жеткіліксіздігі байқалады. Мәселен, тұрақтандыру қорынан азық-түлік өнімдерін төмендетілген бағамен сату облыс орталығында ғана 4 сауда павильоны арқылы жүзеге асырылды, олар өңірдің барлық халқының қажеттілігін өтемейді. ӘМАТ бағасын тұрақтандыруға арналған бюджет қаражаты нысаналы мақсаты бойынша жұмсалмаған, ал тұрақтандыру қорының жұмыс тетігінің өзі тиімсіз болып шықты. Бұдан басқа, Кәсіпкерлік басқармасы тарапынан ӘКК қызметіне тиісті бақылау жоқ.

Сыртқы талдау барысында ӘКК теңгерімінде жайылымға арналған жалпы ауданы 1 372 га 17 жер учаскесі бар екені анықталды, алайда олар мақсатына қарай пайдаланылмайды. Бұл ретте ауыл тұрғындары жеке ауладағы мал жаю үшін жайылымдық жерлердің тапшылығына шағымданады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін Облыстық Аntikor тиісті ұсыныстар енгізді.

Сыртқы талдау нәтижелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, Кәсіпкерлік және туризм басқармасы, «Kokshe «ӘКК» АҚ басшылығының, сондай-ақ облыстық Қоғамдық кеңес өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде талқыланды.

Кеңес барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин атап өткендей, ұзақ уақыт бойы «KOKSHE» ӘКК қызметінде оң динамиканың жоқтығы байқалады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу жөніндегі міндеттерге іс жүзінде қол жеткізілген жоқ, мұны талдау нәтижелері дәлелдейді. Бұл тұрғыда бақылауды қамтамасыз ете отырып, осы бағытта тиісті жұмыс жүргізу қажет.

Өз кезегінде, ӘКК басшылығы анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде қабылданатын шаралар туралы хабардар етті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар