Құрметті көлік саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін біз өз өмірлерін күрделі де ауыр, бірақ, шын мәнісінде көлік саласындағы мәртебелі мамандыққа арнаған жандарға құрмет көрсетеміз. Сіздер лайықты түрде осы саланың бай тарихын және уақыт сынынан өткен кәсіби дәстүрлерін мақтан тұтасыздар.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің сөйлеген сөздерінде әрдайым Қазақстан экономикасындағы транспорт саласының маңыздылығы мен ерекше рөлін баса атап көрсетумен келеді.
Логистикалық сала қай уақытта болсын еліміздің дамуының негізгі темірқазығы болып келді. Ол өнеркәсіптің жұмысын өмірлік маңызы бар барлық нысандардың қалыпты тіршілігін және аймақтар арасындағы тікелей байланыстарды қамтамасыз етудің өзегі ретінде үнемі еліміз бен өңір тарихында және адамдар жүрегінде ерекше орын алады.
Бүгінгі таңда «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Ақмола облысында мыңдаған шақырым автокөлік және темір жолдары қайта жаңартудан өтті немесе жаңадан салынды. Елді мекендердің көшелері мен жол желілерін жаңартуға баса көңіл бөлінуде. Қоғамдық көлікті модернизациялау мәселелері белсенді түрде алға апарылуда. Цифрлық технологиялар енгізіліп, көлік маршруттары кеңейтілуде, материалдық-техникалық база нығайтылып, жолаушылар тасқыны және барлық транспорт түрлеріндегі олрдың үлес салмақтары артуда.
Мұның бәрі жалпы алғанда еліміздің дамуына игі әсерін тигізумен ерекшеленеді.
Сіздердің жұмыстарыңыз – күнделікті ауыр жұмыс, адамдар өмірі мен денсаулығы үшін үлкен жауапкершілікке толы міндет. Сол үшін сіздерге кәсіби шеберліктеріңізге және өз істеріңізге шынайы берілгендеріңізге тәнті бола отырып, зор алғысымды білдіремін. Әрдайым денсаулықтарыңыздың зор болуына үйлеріңізде ынтымақ пен береке өріс алып, ел игілігі жолындағы еңбектеріңіздің әрдайым өз жемісін беруіне тілектеспін!