Халық мүддесіне сай келетін жұмыстар істелінуде

Ақмола  облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Шортанды, Целиноград аудандары мен Қосшы қаласында болып, бұған дейін халықпен есеп беру кездесулерінде тұрғындардың білдірген өтініш-тілектері мен сын-ескертпелерінің орындалу барысымен танысты, қысқы жылу беру маусымына және жаңа оқу жылына дайындық мәселелеріне назар аударып, құрылыс-жөндеу жұмыстарының қарқыны мен сапасын қадағалады.

 Шортанды. Өңір басшысының жұмыс сапары ауданға Сағындық Шабаровты жаңа әкім етіп тағайындаудан басталды. Оның тағайындалуын аудандық мәслихат депутаттары көпшілік дауыспен қолдады. Активте Сағындық Шабаров ауданның барлық жағынан алға жылжуы үшін аянбай еңбек етуге уәде беріп, сенім білдірген халыққа алғысын айтты.

Активтен кейін орталық жылу беру қазандығында болды. Биыл облыс бюджетінен Шортандыдағы екі қазандықты күрделі жөндеуден өткізуге 50 миллион теңге, оның ішінде орталық қазандықты күрделі жөндеуден өткізуге 24,2 миллион теңге бөлінді. Ол 6 тұрғын үйді (76 пәтер), жеке тұрғын үйлердегі 15 пәтерді, 16 ғимаратты, мешітті жылытады. Жұмыстар аяқталған соң екі тұрғын үйдегі тағы 54 пәтер орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылатыны айтылды.

– Қаражатты дұрыс пайдалану керек. Әлі жұмыс көп, 1 қыркүйекке дейін толық аяқтау қажет, – деп нақтылады сөзінөңір басшысы.

Ауданда нан өнімдерін шығаратын 10 наубайхана бар. Айталық, Шортанды кентінде орналасқан «Алина» наубайханасы 2019 жылы ашылған. Ол тұрақтандыру қорынан ай сайын 16-17 тонна ұн алады.

– Бірінші сұрыпты ұннан жасалған 500 грамдықәлеуметтік нанды 105 теңгеден сатамыз, – дейді наубайхана директоры Александр Юрьев. – Жалпы, облыс тұрғындарының сұранысына қарай 450-500 бөлке шығарамыз, – дейді ол.

Нанның сапасына көз жеткізуді көздеген облыс әкімі оны өлшетіп еді,  дайын бөлке 420 грамды көрсетті. Өңір басшысы мұндай жаңсақтықтың орын алып отырғанын директорға арнайы көрсетті.

Жеңіске 30 жыл және Дзержинский атындағы көшелерінің бойындағы тұрғын үйлердің қасбеттерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, оған 36,6 миллион теңге бюджет қаражаты бөлінген.

Облыс әкімі алматылық мердігерлер «ЕвразияИнвестСтрой» серіктестігінің назарын кәдімгі ақ түске боялған үйлерге аударып, осындай жұмыстар жүргізуді ұсынды. Қазірдің өзінде 21 үй сырланған, яғни, жұмыстың 70 пайызы аяқталған, енді 6 үй қалып отыр.Тағы 20 үй басқа көшелерде жөнделуі тиіс.

Шортанды кентіндегі жазғы су құбырын күрделі жөндеуге биыл 30 миллион теңге бөлініп, жұмыс ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған.

– Күнделікті су тұтыну 2,5 миллион текше метр болса, бізге 2 миллиондаы жетіспейді. Біздің ауданның суы тұзды, сондықтан, бұл су құбырының екі есе пайдасы бар: жаңа жобаға сүзгі стансасы енгізілді. Сорғының қуаты 2 мың текше метрге дейін су беруге мүмкіндік береді. Бірінші кезең аяқталуға жақын, әр қиылыстан тармақтаржасалды. Қыркүйек айында жұмысты аяқтаймыз, тексереміз, бірақ халық келесі жаз маусымына дейін пайдаланбайды, – деп толықтырды аудан әкімінің орынбасары Қабдолла Орынбасаров.

– Оның пайдасы қандай, біз жай ғана жазғы су құбырын салып жатқан жоқпыз, су тапшылығы мәселесін азайтуды жоспарлап отырмыз? – деп атап өтті облыс әкімі. – Бұл – шала шара: біздің басты міндетіміз – уақытша су құбырларын «қоршау» емес, магистральдық су құбырының жобасын тез арада аяқтау қыркүйек айында сараптамадан өтіп, қаржыландыру мәселесін шешуді тездету. Көптеген жылдардан кейін адамдар таза суға ие болды. Сондықтан, жазғы сантехниканың қыста дұрыс сақталғанын қадағалаңыз, дегенді де баса айтты өңір басшысы.

«Фортуна» ЖШС басшысы Игорь Логунов Шортанды ауылындағы тұрғындар үшін Ш.Рахымжанова атындағы мәдениет және демалыс саябағының абаттандыру жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын көрсетті, оған 70 миллион теңге бөлінген.

Целиноград. Ы.Алтынсарин ауылына ат басын тіреген облыс әкімі Ермек Маржықпаев ауылда ауыр техника жұмыс істеп, ауыл көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары қызу жүріп жатқанының және оған ауыл тұрғындарының қуанып отырғанының куәсі болды.

Ағымдағы жылы Ұлттық қор бюджетінен 900 миллионқарастырылып,  оның 228 миллион теңгесі игерілген. Жұмыс барысын, ауылдың жанашыр тұрғыны Қайыржан Шөкеев қадағалап отырады. Ақсақал аймақ басшысына бүгінгі жағдайды айтып, абаттандыруға алғысын білдірді, өңір басшысы атап өткендей, Ы.Алтынсарин ауылында жол, жарық, сумен қамту мәселелерінің барлығы дерлік шешімін тапқан.Қаражар ауылында да қазіргі таңда электр қуатының екінші кезегі тартылуда.

– Бүгінгі мұнда көріп отырғандарыңыздың барлығы – халықтың ортақ еңбегімен және сіздердің атсалысуларыңыздың арқасында жеткен жетістіктер, – деді облыс әкіміне аудан тұрғындары атынан Қараөткел және Қаражар ауылдары жергілікті қоғамдастығының төрайымы Динара Әбдірахманова.

– 2019 жылы осында «торапты» көргенде қатты көңілім қалды: кабельдер жерге жетіп, жолға шығып кетті. Бұлай өмір сүруге болмас еді, балалар мектепке барады, адамдар үнемі осы жерлермен жүреді. Өңір басшысы барлық мәселемізді шешуге тырысып бағуда. Қазіргі жағдайға ризамыз, – деген ол мұндай мәселелердің басқа ауданда да кездесетінін жеткізді.

Дәл қазіргі жалғыз мәселе – мектеп автобустары, себебі, оқу жылының басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Өңір  басшысы бұл сұрақтың шешімін табу үшінқойын дәптеріне жазып алды.

Ұзындығы 29,3 шақырымды құрайтын жаңа жылтыр асфальтқа қатысты жобаның құны 4,5 миллиард теңгені құрайды. Жұмысты мердігер ұйым – «Маңғыстау жол-құрылыс материалдары комбинаты» АҚ жүргізуде, жоба жетекшісінің айтуынша, кәсіпорын өз жұмысының сапасымен республикаға кеңінен танымал. Су, электр жарығы бар. Енді халық газды ғана күтеді, ол жоба әзірлену үстінде.

Жергілікті қоғамдастық өкілі Жасұлан Төлеген облыс әкіміне белсенділер ауылды ықшамауданға бөліп, тәртіпсақтауға атсалысып жатқанын айтты. Ол өзі осыдан бірнеше жыл бұрын Ресей Федерациясының Волгоград облысынан Батыс Қазақстанға қоныс аударған. Ал, қазір Қаражарда тұрады.

– Мен екінші және үшінші шағынаудандардағы тазалық пен тәртіпті сақтауға жауаптымын. Халықпен жұмыс жасаймыз, түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз, сенбіліктер ұйымдастырамыз, балаларымызды қоқыс жинауға, қаңылтыр банка, металл, пластмасса сұрыптауға, шикізатты өңдеуге ауылдық пункттерге тапсыруға, қалғанын буып-түйуге жұмылдырамыз. Мәселе мынада, арнайы осыларды салатын бактер жоқ, көлігі барлар қалаға жұмысқа барып, жол бойына қоқыс тастайды, оны шығару әлі ұйымдастырылмаған, тарифтер тек келісілген күйінде ғана, – деп қынжылады ол ауыл жанашыры ретінде айтқан сөзінде.

– Тағы бір мәселе, қаңғыбас иттер. Елорда тұрғындары күшіктерін ауылға әкеліп, лақтырып тастап кетеді. Олар өсе келе, үлкен қиындықтар туғызады. Қыста көшеде қоқыс жоқ, ашыққан иттер малға, қойға шапты. Ал, ауыл тұрғындары  малдарын қораларға кіргізгенде, қаңғыбас иттербалаларға шабуыл жасай бастады, – деп қосты ол.

– Әзірге ауылдың тазалығы азды-көпті байқалады. Қоқыс мәселесі не болды? – деп сұрады өңір басшысы.

Аудан әкімдігінің қызметкерлері қоқыс полигоны болмаған кезде тарифті кәдеге жаратуды ескере отырып бекіткендерін айтты. Олар тұрмыстық қатты қалдықтарды астаналық полигондарға шығарумен айналысатын мердігерлерді іздеуде.

– Қаңғыбас иттер қазір шешімін тауып жатқан елдік мәселе, – деп түсіндірді облыс басшысы.– Біріншіден, олар үшін экобелсенділер күресуде, екіншіден, питомниктер, күтіп-баптау, зарарсыздандыру жұмыстарына қаржы қажет.

Қосшы. Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың Қосшы қаласына жұмыс сапары жеке инвестиция есебінен 1500 орындық мектеп салынып жатқан нысаннан басталды. Жобаның құны 7,5 миллиард теңгені құрайды. Құрылыстың аяқталуы 2023 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған.

– Барлық қалалық инфрақұрылым желілері жақын жерде, есептеулер де, қуаттар да жеткілікті, техникалық жағдайларға мүмкіндік мол, біз қаланы қиындыққа қалдырмаймыз, – деп сендірді өңір басшысын Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов.

– Қосшыға үлкен инвестиция құйылып жатыр. Сіздің мектебіңіз қаладағы негізгі мектеп болады, – деді Ермек Маржықпаев.

Қалалық жастар ресурстық орталығы қалалық кітапхана және тілдерді дамыту орталығымен ортақ ғимаратта орналасқан.Облыс әкімі қала жастарының дамуы үшін не қажет екенін сұрады.

– Жастардың ресурстарын қолдау үшін бөлек кеңейтілген орталық қажет. Бізге түрлі бағыттағы даму үшін орын немесе заманауи орталық керек, – деді МРК директоры Бекболат Арыстанбеков.

Коворкинг орталығында мемлекеттік тілді үйреніп жатқан жапониялық Казуя Ихиразбен кездесіп, «Көптілділік – біздің болашағымыз», – деді облыс әкімі.

Қалалық саябақта абаттандыру жұмыстары қолға алынған, оны «City Story Group» серіктестігі жүргізіп жатыр. Жобаның құны 18,9 миллион теңгені құрайды. Тұрғындар спорт және ойын алаңдарының болғанын қалайды. Облыс әкімі барлық тармақтарды пысықтап, ескеруді тапсырды.

Одан әрі өңір басшысыағымдағы жылдың маусым айында пайдалануға берілген қалалық ішкі істер бөлімі үшін жалға алынған ғимаратты аралап көрді.

–Біздің басты мәселеміз – азаматтардың қауіпсіздігі. Біз бір қарағанда, бейнекамералар арқылы бүкіл қаланы көруіміз керек. Қосшының енді ауыл емес, заманауи қала екенін түсіну керек», – деді өңір басшысы.

20қосшылықеңбек ететін «Мечта» дүкенінің жұмысына өңір басшысы риза болды. Сауда нысаны басшыларының айтуынша, оның ашылуына қала тұрғындары да риза.Аймақ басшысы Қосшыға келген «Смолл», «Светофор»  сынды үлкен дүкендер арқылы да «өркениеттің» келгенін айтып өтті.

Облыс әкімімен кездесуге Қоғамдық кеңестің мүшесі Ирина Осипова келді. Мамыр айында аймақ басшысының қабылдауында болғанда ол тұрғын үй үлескерлерінің өзекті мәселелеріне қатысты мәселе көтерген болатын. Белгілі болғандай, үлестік құрылысқа қаржы салған 300-ге жуық отбасы әлі пәтерсіз, олар баспананы жалға алуға мәжбүр. Жиында атап өтілгендей, үлескерлердің барлық мәселелері енді өңірлік деңгейде шешілетін болады.

– Сүйікті қаламыз Қосшыға жақында бір жыл толды. Қала жаңа құрылған, мәселе көп, халық саны артып келеді. Тұрғындардың сауалдары да жетерлік, оқу жылының басталуына жақын қалды, сондықтан, жол қауіпсіздігі бірінші орында тұруы керек, – Ермек Маржықпаев.

«Құрылтай» автономды жүйесі бар тұрғын үй кешеніндегі жылу мәселесіне келсек, бір топ белсенді облыс әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеевпен бірге тұрғындармен кездесті. Атқарушы органдар жылу беру маусымында қала тұрғындарын мәселемен бетпе-бет қалдырмайтынына сендірді. Бұл күнде74 миллионтеңге жеке инвестиция салынған «ART House» спорттық-шығармашылық орталығы қарқынды жұмыс істеуде.

Өңір басшысы салынып жатқан 1200 орындық екі мектепті аралап көрді. Абай көшесіндегі жобаның құны – 3,1 миллиард теңге. Биылғы жылы құрылысқа республикалық бюджеттен 1,4 миллиард теңге бөлінді. Ол 2024 жылдың екінші тоқсанында аяқталады, қазір жер жұмыстары жүргізілуде. Ал, Желтоқсан көшесіндегі 2,8 миллиард теңгеніңбілім ордасы алдағы оқу жылына оқушыларды қабылдауда.

 Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,

Вероника БУРДА.

Суреттерді түсірген Айбек Даняров.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар