Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Болашақ» бағдарламасы қайта қаралды - АРҚА АЖАРЫ

«Болашақ» бағдарламасы қайта қаралды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Тасқожина «Болашақ 2022: Жаңа мүмкіншіліктер» атты тақырыппен брифинг өткізді.

–Магистратура, докторантура және резидентура бағдарламалары бойынша жетекші шетелдік ЖОО-ларға түсу үшін құжаттарды қабылдау жалғасып жатыр.Өтінімдер 2022 жылғы 14 қазанына дейін Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталында қабылданады, – деді Айгүл Тасқожина.

Хабарламашының айтуынша, тағылымдамадан өту үшін құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 5 қыркүйегінде басталып, 14 қазанға дейін жалғасады.Биылғы жылымагистратура мен резидентурада оқу үшін 385 стипендия, докторантура бағдарламалары бойынша 60 стипендия бөлінген.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Болашақ»бағдарламасын қайта бағдарлау басталды. Онда инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық берілген. Осыған орай, техникалық және IT мамандықтарға гранттардың  үлесі 36 пайыздан 60 пайызға дейін ұлғайып отыр. Оған қоса, «инженерлік-техникалық мамандар» бойынша жаңа жеңілдік квотасы санатын енгізуқарастырылуда.

Инженерлік-техникалық қызметкерлердің магистр дәрежесін алу үшін конкурстық іріктеуге қатысқанда В1 деңгейінен кем емес нәтижесі бар ҚАЗТЕСТ сертификаты, белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижемен шет тілі бойынша сертификаты қажет және дипломның орташа балы 4.00-ден (4.33) кемінде GPA 2.67- болуы тиіс. Сонымен қатар, бакалавр/маман дипломы бойынша таңдаған мамандыққа сәйкес келуі тиіс.

Инженерлік-техникалық қызметкерлер бір жылдық тілдік курстардан өткізу де жоспарланып отыр. Осыдан кейін ғана Болашақ бағдарламасының стипендиаттарын оқыту үшін ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарына орналастыру жүргізіледі.Сондай-ақ,  ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлерде квота санатына жатады. Оларға да мүмкіндіктерді кеңейту жоспарда бар. Мәселен,  IELTS тапсыру нәтижесі бойынша ағылшын тілін білуге  қойылатын талапты 5.0 балл деңгейіне дейін төмендету жоспарланып отыр.Қалған үміткерлер жоғарыда аталған жеңілдік санаттарынан басқалары жетекші шетелдік ЖОО-лардан шақыру болған жағдайда ғана конкурсқа қатыса алады.

Сонымен қатар, басым мамандықтар тізімі еңбек нарығы қажеттіліктерінің орта мерзімді болжамын ескере отырып әзірленген. «Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізімі академиялық оқу үшін 92 мамандықты және тағылымдамадан өту үшін 158 мамандықты көздейді.  Биыл еңбек нарығының трендтерін талдаудың нәтижесі бойынша тізімге инновациялар, жаңа технологиялар, медицина және өнеркәсіптік инженерия саласындағы 40 жаңа мамандық енген. Осы ретте, 17 мамандық атауларын кеңейту арқылы бұрыннан бар мамандықтар қатарына қосылған. Жалпы алғанда, басым мамандықтар тізімі техникалық бағыттағы мамандықтармен 30 пайызға кеңейтілген.

– Биылғы жылы басым мамандықтар «Инновациялар және жаңа технологиялар», «Индустриялық инженерия», «Жаратылыстану ғылымдары», «Әлеуметтік ғылымдар», «Білім», «Медицина» және «Шығармашылық индустрия» бағыттары бойынша белгіленген. Аталған тізім мемлекеттік органдар мен әртүрлі ұйымдардың өтініштері, сондай-ақ еңбек нарығының орта мерзімді болжамы негізінде әзірленді. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында тізімді арнайы комиссия қарап, бекітті, –  деді өз хабарламасында Айгүл Амангелдіқызы.

Міне, осылайша «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі толықтырылып отыр. Сонымен, бағдарлама бойынша оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарынаQS, Times Higher Education, Academic Rankings of World Universities халықаралық академиялық рейтингтердің үздік 250 университетінің қатарына және БРҮҚОА (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка) елдерінің ұлттық рейтингтеріне енетін 26 елдің 236 шетелдік жоғары оқу орны енген. Сөйтіп,«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеу және құжаттар қабылдау үдерістері толығымен автоматтандырылған. Үміткерлерге ыңғайлы болу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау онлайн режимінде өтеді. «Болашақ» бағдарламасымен үздік ЖОО-ларға түсуді көздейтін үміткерлер өз үйінен шықпай-ақ, құжаттарды Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталында тапсыра алады.

Үміткердің конкурстық іріктеудегі жолы да цифрландырылған. Үміткерге жеке кабинетте бірегей код беріледі, осы код үміткерді конкурстық іріктеу барысында сүйемелдейді. Сонымен қатар, үміткердің жеке мәліметтері бірегей сәйкестендіру жүйесінің көмегімен кодталған. Конкурстық кезеңдердің саны 6-дан 3-ке дейін қысқартылып отыр. Іріктеу кезеңдеріне кешенді тестілеу, тәуелсіз сарапшылар комиссиясы мүшелерімен жеке әңгімелесу, құжаттардыкадрларды шетелде даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында қарау кіреді.

Бір айта кетерлігі, конкурстық іріктеуді өткізу үрдістерін автоматтандыру Президенттік кадрлық резервіне қабылдау бойынша конкурстық рәсімдерді өткізудің тәжірибесіне сүйеніп, жүзеге асырылды.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар