Жастар форумы болып өтті

Жыл сайын 12 тамызда Халықаралық жастар күні атап өтіледі. Бұл мереке 1998 жылы 8-12 тамызда Лиссабонда өткен Жастар ісі министрлерінің Дүниежүзілік конференциясының ұсынысы бойынша 1999 жылы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен белгіленді. Осыған орай «Jas Camp Aqmola – 2022»  облыстық жастар форумы болып өтті.

Бұл күн жастардың әлемді дамыту мен құрудағы рөлін және олардың жолында тұрған күнделікті мәселелерді еске салуға арналған. Осындай атаулы күн аясында жұмыс істейтін, студент және оқушы жастар арасында өткен іс-шара Қазақстан Республикасының жастар қозғалысын дамытуға және ынталандыруға қызығушылығын арттыруға, талантты және белсенді жастардың ерекше еңбегін тану мен, сондай-ақ, жастардың ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу, қоғамдық санада қазіргі заманғы табысты жас қазақстандықтың идеалын қалыптастыру мақсатында жүзеге асты.  Сөйтіп, ағымдағы жылдың тамыз айының 10-11 жұлдызында Зеренді ауданындағы «Парус» демалыс аймағында Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығы өңірлік жастар ресурстық орталықтарының директорлары, жастар қоғамдық бірлестіктерінің көшбасшылары мен облыс еріктілеріне арналған «Jas Camp Aqmola – 2022» облыстық форумы ұйымдастырылды.

Шараның алғашқы күнінде қатысушылар топ құру бойынша тренингіне, сондай-ақ, өзге де түрлі бағыттар бойынша семинар-тренингтерге қатысып, сергіп қалғандай болды.

«Көшбасшылық қасиеттерді дамыту» семинар-тренингінің спикері – Ақмола облысы бойынша «Есірткісіз болашақ» КҚ басшысы Ербол Амантаев, модераторы – өңірдің волонтерлерді қолдау орталығының басшысы – Дастан Ермеков болды. Сонымен қатар, форум барысында спикер ретінде Ақмола облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы,  полиция подполковнигі Дархан Сыздықов және «ҚР ҚК Ардагерлері» РҚБ Ақмола филиалының төрағасы – Жанат Ережепов қатысты. Алғашқы күннің нәтижелі бөлігінен кейін «от жанындағы кеш» ұйымдастырылып, әркім өзінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, кейін зияткерлік ойыны өткізілді.

– Жастар күні аясында, маңызды жеңістер мен жетістіктерге қол жеткізіп, уақыттың барлық сын-тегеуріндеріне тамаша жауап бере отырып, қоғамдық, спорттық және әлеуметтік бағыттағы қызметтерде табысты іске асырып келе жатқандарыңызды атап өткен жөн. Еліміздің болашағын айқындайтын жарқын да жігерлі жастар. Біз сіздерді мақтан тұтамыз! – деді өз сөзінде Ақмола облыстық әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов.

– Осы лагерь аясында қатысушыларға тәжірибе алмасу, өңірлерде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу дағдыларына оқыту, жобалық жұмыс, ұжымдық ой-сананы жүргізудің инновациялық әдістерін және өмірлік стратегияларды қалыптастырудың жаңа технологияларын игеру мүмкіндігі берілді. Шара өз жұмыстары мен жобаларын таныстыруға, өз әлеуетін ашуға арналған әмбебап алаңға айналды, – деген ойымен бөлісті облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Есекеева.

Облыстық жастар форумының соңында Елдос Мұратұлы өңірлік жастар ресурстық орталықтарының басшыларын, жастар және волонтерлер ұйымдарының көшбасшыларын облыс әкімі атынан Алғыс хаттармен марапаттады.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар