Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үкіметте шекаралық өткізу бекеттерін жаңғырту мәселелері талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Үкіметте шекаралық өткізу бекеттерін жаңғырту мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстанның кедендік инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналинов қазіргі уақытта ЕАЭО сыртқы шекарасындағы тоғыз күре жол мен бір теміржол өткізу бекетін және Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚМ МКК бас диспетчерлік басқармасын жаңғырту және техникалық жарақтандыру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Реконструкциялау екі кезеңмен жүзеге асырылмақ, яғни 2022-2023 жылдары – «Достық авто», «Достық т/ж», «Майқапшағай», «Бақты», «Қалжат», «Тәжен», «Қапланбек», «Темір Баба», ал 2023-2024 жылдары – «Атамекен», «Қазығұрт» және БДБ өткізу бекеттері жаңғыртылатын болады.

Нәтижесінде олардың өткізу қабілеті 8 есеге дейін ұлғайып, өту уақыты 2 сағаттан 25 минутқа дейін қысқарады. Сонымен қатар бизнес-процестерді автоматтандыру, кедендік бақылауды орталықтандыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі шараларды қолға алу жоспарланған.

Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттардың бәрі әзірленді. Құрылыстың бастапқы кезеңінде барлық нысандар бойынша сапалы және уақытылы орындалуын бақылау үшін жұмыс кестелерін бекіту көзделген.

Кеңес қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жаңғыртылатын бекеттерде байланыс арналарының өткізу қабілетін арттыру мәселесін пысықтауды тапсырды.

«Осы бекеттер арқылы тауар айналымының ұлғаюына байланысты бюджетке қосымша түсімдер түседі. Бұл ретте жобаны іске асыруды тездету қажеттігіне назар аударғым келеді», — деді Премьер-Министр.

Дереккөз:  primeminister.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар