Tartyl Fest: 81 жастағы көкшетаулық қария 24 рет турникке тартылды

 – Көкшетауда өтіп жатқан турникке тартылудан Tartyl Fest республикалық спорттық фестивалінде 81 жастағы қария Владислав Изюмский тамаша өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысқа қатысушылардың арасында жасы ең үлкен қарияның айтуынша, Tartyl Fest фестивалі салауатты өмір салтын ұстанған жастар мен жасөспірімдер үшін жақсы мотивация.

«Осындай жарыстың өтетін жақында ғана естідім. Сол себепті, тыңғылықты дайындалып үлгермей, өз деңгейімнен аз тартылдым. Дегенмен, жас кезімде спортпен шұғылданғандықтан 24 рет тартылу мен үшін онша ауыр болмады. Жалпы, атмосфера күшті, барлығы керемет болып жатыр», – дейді Tartyl Fest фестиваліне қатысушы 81 жастағы қария Владислав Изюмский.

Айта кетсек, Tartyl Fest фестивалі еліміздің 20 қаласында 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында өтпекші. Көкшетау ҚР Президенті жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқан аталмыш фестивалді қабылдап отырған 14-ші қала. Көкшетауда жарысқа барлығы 278 адам қатысты. Оның ішінде ең жасы 5 жасар қыз щучелік Валерия Дмитриева болды.

Tartyl Fest-ке қатысушылар 9 санат – салмақ және жас ерекшеліктері бойынша жарысады. Әр қаладан 27 жеңімпаз таңдалып алынады, жеңімпаздар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ақтық сынға жолдама алады. Гранд-финалдың жүлде қоры – 54 млн теңге.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар