2022 жылғы 19 тамызда облыс прокурорының м.а. В.М. Малаховтың төрағалығымен дөңгелек үстел өткізіліп, онда кінәлі тұлғалардың әрекеттерін қайта саралау және қылмыстық істерді электронды форматта тергеу сапасы мәселелері талқыланды.
Жұмыс отырысында Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы, облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы, полиция департаменті басшысының орынбасары және қала, аудан прокурорлары қатысты.
Дөңгелек үстелдің нәтижелері бойынша айыпталушының іс-әрекеттерінің саралау дұрыстығын қамтамасыз етуге, электрондық қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысты қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарын сақтауға бағытталған шаралар әзірленді және тиісті нұсқаулар берілді.
Ақмола облысын прокуратурасының баспасөз қызметі