Адамзат баласын алаңдатқан жаһандық мәселе

Соңғы кезде әлемнің көптеген елдері үшін терроризммен күрес мәселесі аса өзекті болып отыр. Терроризм – бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризм барлық түрлерімен және көріністерімен, ауқымы және қарқындылығымен, зұлымдығы және қанішерлігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деген ұлағаты да адам, қоғам мен мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді. Сондықтан, елімізде жастарды тәрбиелеу, олардан тәні сау және рухани бай ортақалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды.

Осы тақырыпта орталық қалалық балалар және жасөспірімдер  үлгілі кітапханасы Ақмола облысы дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ-нің Ақпараттық насихат бөлімінің басшысы Нұржан Мұратовтың қатысуымен «Терроризм – қазіргі жаһандық мәселе» тақырыбында  ақпараттық кеш өткізді. Мұндағы басты мақсат жас ұрпақтыжанашырлыққа, басқа да адами қасиеттерге баулу, осындай жат діни ағымдардан аулақ болуға шақыру, бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіптің,  діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу туралы кітаптарды насихаттау болып табылады.Содан болар, курсанттар назарына терроризм тақырыбындағы кітаптар көрмесі ұсынылды.

Іс-шара барысында арнайы шақырылған маман иесіҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттарына экстремизм мен терроризмге түспеудің басты жолы терең білімде жатқанын жеткізді. Сарбаздарға  терроризм туралы түсінік беріп, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындырды. Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстарының қауіптілігі туралы айта келе, заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынына аса мән беріп, ҚР Қылмыстық кодексінің 174, 256, 258, 259 және 273 баптарына  жеке-жеке тоқталып өтті.

Іс-шараға қатысқан кітапхана оқырмандары, жас сарбаздар, көкейлеріндегі сұрақтарына да тұшымды жауаптар алды.

Бақытжан АЙДОСОВА,
Көкшетау орталық қалалық балалар  және жасөспірімдер үлгілі  кітапханасының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар