Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Қауіпсіз жол» акциясы өзінің нәтижесін берді - АРҚА АЖАРЫ

«Қауіпсіз жол» акциясы өзінің нәтижесін берді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Аслан Қызбикенов «Ақмола облысының автожолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апаттарын төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» баспасөз мәслихатын өткізді. Жиын барысында басқарма басшысы осы мәселе төңірегінде өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап берді.

Аслан Қызбикеновтың айтуынша таяуда облысымызда «Қауіпсіз жол» жедел алдын-алу акциясы өткен.  Оған 800-ге жуық тәртіп сақшысы мен 200-ден астам патрульдік көлік жұмылдырылыпты. Бір айға жоспарланған іс-шара аясында жол ережесін бұзған 15 мыңға жуық адам әкімшілік жазаға тартылған.

Ерекше екпін түсіріп айта кететін жайт,  соңғы уақытта мас күйінде көлік тізгіндеп жолға шығатын жүргізушілер қатары көбейген. Себебі, қазіргі таңда тәртіп сақшылары көлікті себепсіз тоқтата алмайды. Осының салдарынан жүргізуші куәлігінсіз, я болмаса, мас күйінде көлік жүргізетіндер саны артып отыр дейді сала басшылары. Мәселен, шілде айының өзінде мыңнан астам адам осындай әрекеті үшін жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке қамауға алынған. Жауапсыз жүргізушілердің салдарынан қаншама адам зардап шегуде. Жаза да күшейтілген. Бірақ, қанша шектеу қойылса да,  соған қарамастан тәртіп бұзушылар саны азаймай тұрғанға ұқсайды.

– Ағымдағы жылы мас күйінде көлік жүргізу фактілеріөткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артық. Бір өкініштісі, салғырттықтың салдарынан қаншама адам жапа шегуде. Ал, жұртқа зияны тигенін жіті түсініп жатқан жүргізушілер некен-саяқ. Тіпті, ұсталып куәлігінен айырылғандар, жаман әдетін қоймай, көлікті қайта өздері жүргізуден де жасқанбайды. Биылғы жылы 31 жүргізуші бірнеше рет көлікті мас күйіндежүргізгені үшін бас бостандығынан айырылды, – дейді полиция полковнигі.

Жол-көлік апаттары туралы айтар болсақ, ағымдағы жылы жол-көлік оқиғаларының саны 3,5 пайызға артқан. Биылдың өзінде бір мыңға жуық жағдай тіркелген. Ал, май күйінде көлік айдағандардың кесірінен 25 жол апаты орын алып,, 3 адам қаза тапса, 120-ға жуығы жарақат алған.

Өлім-жітім саны өткен жылмен салыстырғанда 15,3 пайызға аз. Алайда,биылғы жылы осындай жол-көлік оқиғасының салдарынан 5 бала қаза тапты.

– Айлықтың аяқталуына қарамастан, біз жыл соңына дейін күшейтілген шараларды қолданатын боламыз. Өткен демалыс күндері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы аяқталғаннан кейін біз 322 полиция қызметкерініңкүшімен рейдтік жұмыстарды жүргізуді жалғастырдық.Нәтижесінде екі тәулік ішінде (жұма, сенбі) жол қозғалысы ережелерін бұзудың 632 фактісі анықталды. Айлық аяқталғанымен,  босаңсуға жол жоқ, дейді мамандар.

Брифинг соңында басқарма басшысы журналистер сұрағына жауап беріп, өзара пікір алмасты.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар