Жуырда «Қоғамдық келісім»мемлекеттік мекемесінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы медиация Кеңесінің отырысы өтті.Оның жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысты.
Алдымен, өз сөзінде мекеме басшысының орынбасары Айдын Раисов қазіргі қоғамдағы медиацияның рөлін атап өтті.Медиация арқылы тараптар бір-бірінің шынайы қажеттіліктері мен мүдделерін естіп, түсінуге, келісімге қол жеткізуге мүмкіндік алады. Бүгінгі таңда Ассамблеяға этносаралық қатынастар кезіндегі түсінбеушілік жағдайлардың алдын алуға және шешуге қатысатын кәсіби медиаторлар қажет.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің жұмысы туралыоның төрайымы Жәмилә Нұржанова есепті баяндама жасады. Есепті кезеңде кеңес мүшелері түрлі форматтағы 35 іс-шара, оның ішінде медиацияның Ашық есік күндерін, конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, «Үздік медиатор» конкурстарын, еңбек ұжымдарында және оқу орындарында кездесулер өткізді. Оған 1000-нан астам адам қатысты. Аталған іс-шаралардың барлығы этносаралық қатынастар саласындағы жанжалдардың алдын алуға, әлеуметтік шиеленісті төмендетуге және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.
Шарада сарапшы, кәсіби медиатор Бибігүл Көшековамедиацияның білім беру кеңістігіндегі рөлі, мектеп медиациясытуралы ақпаратпеной бөлісті. Аталған тақырыпты талқылауға Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Гаухар Нұрманова, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті құқық кафедрасының доценті,медицина ғылымдарының кандидаты Маржан Мырзаханова және тағы басқалары қатысты.
Отырысқа қатысушылар облыстық кеңес әдістемелік және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңінен пайдалана, аудандық және қалалық медиаторларымен өзаратығыз іс-қимыл жасай отырып, медиация институтын одан әрі дамытуы керек деген ортақ пікірге келді.
Отырыс соңында кеңес мүшелері, кеңес төрайымы Жәмилә Нұржановаға жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, оның орнына төрайымдылыққа Маржан Мырзаханованы сайлады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.