Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу бойынша талап арыз қаралды

Ақмола облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы жауапкердің апелляциялық шағымы бойынша келіп түскен жылжымайтын мүлік объектісіне мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды қарауды тоқтату жөніндегі іс-әрекетке дау айту туралыәкімшілік іс қарады. Ол«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ жауапкеріне «Л»-дің талап арызы бойынша қаралды.

2021 жылдың желтоқсанында нотариус сатушы «И» мен сатып алушы «Л» арасындағы тұрғын үйді сату-алу шартын куәландырған. Нотариус аталған шартты жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының бөліміне жіберді.

Шартты куәландыру кезінде тұрғын үйге ауыртпалықтар анықталған жоқ, алайда кейін, тұрғын үйге тыйым салынғанын анықтағаннан кейін нотариус құжаттарды қайтару туралы өтініш жазды. Осыған байланысты бөлім құжаттарды қарауды тоқтатты.

«Л» олардың әрекетімен келіспей, сотқа бұл әрекетті заңсыз деп тану туралы өтінішпен жүгінді, сөйтіп, ол құжаттарды қайтару туралы өтініш жазған жоқ. Құжаттарды қарау нотариустың өтініші бойынша тоқтатылды.

Сонымен қатар, бөлім тіркеу жұмысы туралы хабарлама немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауаптыжазбаша бермеген, яғни, мемлекеттік қызмет көрсеткен жоқ. Бөлім құжаттарды тіркеуді жүргізбестен құжаттарды қайтару туралы нотариустың өтініші негізінде қарауды тоқтатты.

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті қарауды тоқтату туралы өтінішхатпен жүгіну құқығы тек көрсетілетін қызметті алушыға ғана берілген. Заңның осы нормасын бұза отырып, бөлім талапкерге мемлекеттік қызмет көрсетпей, тіркеуге ұсынылған құжаттарды қарауды заңсыз тоқтатқан.

Сот шешімімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы әрекетіне дау айту туралы «Л»-дің әкімшілік талабы қанағаттандырылды, жылжымайтын мүлік объектісіне тіркеуге ұсынылған құжаттарды қарауды тоқтату бойынша тіркеу және жер кадастры бөлімінің әрекеті заңсыз деп танылды.

Сот «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 3 (үш) жұмыс күні ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы жіберілген құжаттар бойынша «Л»-ға «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетуді міндеттеді.

Сот Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы басшысының атына тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы тарапынан жол берілген заң бұзушылықтар туралы, осыған ұқсас бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылдау үшін жеке ұйғарым шығарды.

Облыстық сот алқасының қаулысымен Ақмола облысы МАӘС шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Іс бойынша қорытындылар мынадай: біріншіден, мемлекеттік органдар Қағидалардың талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті. Екіншіден, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тиісті құжаттарды беру немесе дәлелді бас тарту. Ал, үшіншіден, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша ғана мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтатуға құқылы.

Найля НҰРАЛИЕВА,
Ақмола облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегісот алқасының төрайымы,
БАҚ-пен жұмысты үйлестіруші.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар