Антикор мен Кәсіпкерлер палатасы бизнесті бірлесіп қорғамақшы

Ақмола облысында «Атамекен» ҰКП филиалының алаңында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және бизнес саласындағы парасаттылықты арттыру мәселелері талқыланды.

Кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Арман Рахимов, облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықов, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының, квазимемлекеттік сектор және бизнес ұйымдарының, сондай-ақ өңірдің мемлекеттік органдарының басшылығы қатысты.

Облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы атап өткендей, бүгінгі күні кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының басымдықтарының бірі болып табылады. Бұл тұрғыда ведомство бизнесті заңсыз араласудан қорғау, оның ішінде адал кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тартуға жол бермеу бойынша бірқатар қосымша шаралар қабылдады.

«Біздің міндеттерімізге адал бизнестің қызметіне араласпау ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін басқа мемлекеттік құрылымдардың заңсыз араласуынан қорғау да кіреді», – деді Арман Рахимов.

Кездесу барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қылмыстық-құқықтық шаралар аясында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысы айтылды. Мәселен, ағымдағы жылы бизнес жұмысына заңсыз араласудың 6 фактісі және «көлеңкелі экономика» субъектілеріне қолдау көрсетудің 7 фактісі анықталды.

Бұл ретте қылмыстық қудалаумен қатар алдын алу құралдары ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг тиімді пайдаланылады, сондай-ақ кәсіпкерлерден келіп түсетін шағымдар талданады. Өткен жылдан бастап Департаментке 50-ге жуық өтініш келіп түсті, олардың басым бөлігі жер қатынастары, мемлекеттік сатып алу және құрылыс салаларына қатысты.

«Біздің қызметіміздің жаңа тәсілдеріне сәйкес еліміздің әрбір өңірі үшін Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің карталары әзірленді. Онда халық пен бизнес үшін заңнамалық олқылықтардың болуы және процестердің ашықтығының болмауы себептері бойынша шешілмейтін проблемалық мәселелердің тізбесі көрсетілген. Бұл карталар біздің жұмысымыздың бағдарына айналды. Сондықтан, қазір біз адал кәсіпкерлердің мәселелерін жедел шешу және өңірдің іскерлік ахуалын жақсарту мақсатында Өңірлік палатамен өзара іс – қимылды күшейтудеміз», – деп толықтырды облыстық Антикор басшысы.

Талқылау барысында қатысушылар жер қатынастары саласындағы проблемалық мәселелерге қатысты бизнес өкілдерінің өтініштерін қарады, олардың біреуі бойынша мәселе кәсіпкердің пайдасына шешілді.

Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және адал бизнесті ынталандыру шаралары шеңберінде одан әрі өзара іс-қимыл жасау бойынша ұсыныстар әзірленді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар