Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Үздік ауыл әкімі» байқауының жеңімпазы анықталды - АРҚА АЖАРЫ

«Үздік ауыл әкімі» байқауының жеңімпазы анықталды

Ақмола облысында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі ұйымдастырған «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының бірінші кезеңі аяқталды.

Оған облыстағы үш ауылдық округтің әкімі қатысты. Бұл байқаудың мақсаты – жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына зор үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу болып табылады.

Байқаудың өңірлік кезеңіне қатысушылар ауылдық елдімекендерде өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларын қорғап, экономикалық және әлеуметтік жағынан тиімді боларлықтай ұсыныстарын енгізді.

Үкіметтік емес ұйымдардың, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құралған аумақтық комиссия мүшелерінің пікірінше, байқауға қатысушылар саны аз және бәрінің бірдей қолында байқау шартына сай жобалар жоқ.

Департамент басшысы Думан Әбілев өз сөзінде, ауыл әкімінің халықпен тікелей байланыста болатын адам екенін, ал оның жұмысының басты бағыты – халықтың әл-ауқатын жақсарту, өзекті мәселелер бойынша уақытылы әрі сапалы шешім қабылдау болып табылатындығын атап өтті.

– Байқауға қатысу үшін үміткерлер бірнеше шарттарға сәйкес келуі тиіс. Яғни, олар мемлекеттік қызметте ауыл әкімі лауазымында кемінде үш жыл жұмыс істеулері керек. Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны, сондай-ақ, мемлекеттік қызметке кір келтіретіндей тәртіптік жазалары болмауы тиіс.Оған қоса, мұндай байқауға 2021 жылы«Б» корпусыныңмемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау қорытындысында «тиімдіден» төмен емес  бағаланған кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері қатыса алады, – дейді осы орайда департамент басшысы.

Сонымен,өңірлік және республикалық екі кезеңнен тұратын байқаудың өңірлік кезеңінде комиссия мүшелерінің шешімімен Жарқайың ауданы Тасөткел ауылының әкімі Сәуле Төлегенқызы Саухимова жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алды.

Сәуле Саухимованың жобасы мемлекеттік қызметшілер, жеке кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары және басқа да еріктілер қатарынан «Заманауи ауыл» еріктілер қозғалысын құруға бағытталған. Бұл қозғалыстың мақсаты ауылда қолайлы өмір ортасын құру, ауылды таза ұстап, көркейту, патриоттық сана-сезімді тәрбиелеу болып табылады.

Байқаудың республикалық кезеңінің жеңімпазы 2022 жылғы 20 қазанға дейін анықталады.Оған дейін байқауда қазылық еткен комиссия мүшелерінің сын-ескертпелері ескеріліп, дайындығын ұштай түсетін болса, Сәуле Саухимова бұл сыннан да сүрінбей өтеді деген үміттеміз.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар