Қостанай облысында төтенше жағдай жарияланды

– Қостанай облысында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Бүгінгі күні Қостанай облысы бойынша жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Облыс әкімдігінің резервінен зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Бұл – ең алдымен, жатын орын және тамақтану. 1 800 адам эвакуацияланды. Мектептерге 200-ге жуық адам орналастырылды. Көбісі қауіпсіздігін тексеріп өз үйлеріне оралды, қалғандары туыстарын паналады», – деп мәлім етті Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Еске салайық, Әулиекөл ауданындағы алапат өртті сөндіру үшін бүгін Семейден арнайы инженерлік техникалар жіберілді. Сонымен қатар, еліміздің әр өңірінде гуманитарлық көмек жинау пунктілері ашылды. Олар бірінші кезекте қажетті тауарлар, азық-түлік, жылы киім, тазалық құралдарын жинап жатыр.

Бұдан өзге, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры көмек көрсететінін мәлімдеді. Ал, өрттен үйлері жанып кеткен отбасыларға «Halyk Bank» 1 млн теңгеден береді және несиелерін жабады.

Кеше Қостанай облысындағы орман өрті ауылдарға қарай жалындап, тұрғындар эвакуацияланған еді. Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин мәлім еткендей, Аманқарағай ауылында 98 үй өртеніп кетті.

 228 Total Views,  4 Views Today

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар