Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2022 жылғы шілде айында Ақмола облысының инфляция жəне қаржы нарығындағы ахуал туралы - АРҚА АЖАРЫ

2022 жылғы шілде айында Ақмола облысының инфляция жəне қаржы нарығындағы ахуал туралы

Инфляция, базалық мөлшерлеме жəне алтын валюта резервтері.

Ақмола облысы Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2022 жылғы шілдеде облыс бойынша тұтыну бағаларының
индексі 2021 жылғы желтоқсан айына қарағанда 112,2 пайызды құрады, 2021 жылдың осы кезеңінде – 105,4 пайыз, республикалық
мағынада тиісінше 111,7 пайыз жəне 105,3 пайызды құрады. Азықтүлікке жатпайтын тауарлар – 9,8 пайызға, азық-түлік тауарлары – 17,2 пайызға, ақылы қызмет көрсету тарифтері 7,6 пайызға қымбаттады.

2022 жылғы 26 сəуірден бастап 2022 жылғы 25 шілдеге дейін базалық мөлшерлеме 14,0 пайызды құрады. 2022 жылғы 26 шілдеден
бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме 14,5 пайызды құрайды.
Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда ұлғайып, 86,1 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері – 32,8 миллиард АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері – 53,3 миллиард АҚШ долларын құрады.

Облыстың қаржы нарығындағы ахуал.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында жəне облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттары бар екінші деңгейдегі банктердің 14 филиалы жəне «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалы бар.
Валюта нарығы. 2022 жылдың шілде айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 476,08 теңгені, еуроға – 485,21 теңгені, ресей рубліне – 8,23 теңгені құрады.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Ақмола облысында 63 айырбастау пункті, оның ішінде: 48 – банк филиалдарының, 8 –
«Казпошта» АҚ-ның жəне 7 уəкілетті ұйымның 7 айырбастау пункті жұмыс істейді.
2022 жылғы шілдеде облыстағы айырбастау пункттері 5,9 миллион АҚШ долларын, 3,1 миллион еуро жəне 171,2 миллион ресей рублін сатты. 2021 жылғы шілде айында – 7,9 миллион АҚШ доллары, 1,4 миллион еуро жəне 658,0 миллион ресей рублі сатылды.

Депозит нарығы. 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 276,0 миллиард теңгені
құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 28,7 пайызға өсті, өткен аймен салыстырғанда 3,7 пайызға өсті.
Депозиттердің жалпы көлеміндегі теңгемен салынған депозиттердің үлесі 85,6 пайызды құрайды.

Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 9,9 пайыз, шетел валютасы бойынша – 0,9
пайыз болып қалыптасты. Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 376,0 мың теңгені құрады.

Кредит нарығы. 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 366,2
миллиард теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 32,3 пайызға, өткен аймен салыстырғанда 3,1 пайызға өсті (2022 жылғы 1 шілдеге – 355,3 миллиард теңге).

2022 жылғы шілдеде облыс банктерімен берілген кредит сомасы 2022 жылғы маусым айымен салыстырғанда 14,6 пайызға өсіп, 31,2 миллиард теңгені құрады. 2022 жылғы шілде айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 15,3 пайызды құрады. 2022 жылғы маусымда теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 89,3 пайыз болды.

Тұтынушылық кредиттер. Облыс халқының банктердің тұтынушылық несиелері бойынша берешегі 131,3 миллиард теңгені
құрады. 2022 жылғы шілде айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің мөлшері 2021 жылғы маусым айымен салыстырғанда 8,5 пайызға өсіп, 14 437,0 миллион теңгені құрады.

Ипотекалық кредиттер. Облыс халқының банктердің ипотекалық кредиттері бойынша берешек сомасы 112,5 миллиард теңгені құрады. 2022 жылғы шілде айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 5 618,8 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы маусым айымен салыстырғанда 16,7 пайыз немесе 806,0 миллион теңгеге ұлғайды.

Банктердің облыстың шағын кəсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кəсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2022 жылғы 1 тамызға 54,4 миллиард теңгені құрады. 2022 жылғы шілде айында 4 383,7 миллион теңге мөлшерінде кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы маусым айымен салыстырғанда 29,8 пайызға азайды (2022 жылғы маусымда – 6 242,2 миллион теңге берілді). 2022 жылғы шілдеде орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 19,9 пайызды құрады.

Төлем карточкалар нарығы.
Облыс бойынша айналымдағы төлем карталарының саны 2022 жылғы 1 тамызға 1 378,0 мың бірлікті құрады (алдынғы аймен
салыстырғанда 1,3 пайызға өсті), бұл республикалық көлемнің 2,3 пайызы.

2022 жылғы шілде айында төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялар көлемі 172 981,6 миллион теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 2,6 пайызға өсті). Транзакциялар саны 11 981,5 мың транзакцияны құрап 3,4 пайызға өсті. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 3,7 пайызға өсіп, 11 199,6 мың транзакцияны құрады,сомасы 4,4 пайызға өсті (мөлшері 122 418,0 миллион теңгені құрады).

Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 1,9 пайызға дейін азайды (транзакциялар саны 781,9 транзакцияны құрады), сомасы 1,4 пайызға азайды (мөлшері 50 563,6 мың теңгені құрады). 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша төлем карточкаларға
қызмет көрсету желісі жалпы өңір бойынша мына түрде ұсынылған:
22 835 POS-терминал, 395 банкомат, 14 085 кəсіпкер; 19 804-і сауда
нүктелері.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар